20
ақпан
2023
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге арналған "Кәсіби бағдар-болашаққа жол!" тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы.
Қ.Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде ақпан айының 2 жұлдызында Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге арналған "Кәсіби бағдар-болашаққа жол!" тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы өтті. Ашылу барысы салтанатты түрде Қазақстан Респуликасының мемлекеттік гимнін орындаумен басталды. Оқушыларды онкүндік жоспарымен таныстырып, әр түрлі мамандыққа байланысты сұрақтар қойылды. Оқушылар өздерінің таңдаған мамандықтары туралы айтып, ойларымен бөлісті. Жаңа мамандықтар туралы анықтамалар берілді. Абай Құнанбаевтың "Әсемпаз болма әрнеге" өлеңін жатқа айтып, "Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан" деген сөздерін талқылады. Мектеп психологы Г.М.Майерова "Арманға кедергісіз жету" атты психолгиялық ойын жүргізді. Білім алушылар өз өнерлерін көрсетіп іс-шараға белсенді қатысты. іс-шара соңында "ыстық алақан" әдісі арқылы бір бірлеріне тілектер айтып, армандарымен бөлісті. Кәсіптік бағдар беруші маман: Иса Дана
