16
сәуір
2026
«Гаджет пен рухани даму» тақырыбында пікірталас алаңы өткізілді.
2026 жылдың 16 сәуір күні Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде 10-сынып оқушылары арасында «Гаджет пен рухани даму» тақырыбында пікірталас алаңы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға заманауи гаджеттердің пайдасы мен зиянын түсіндіру, олардың рухани дамуына әсерін талқылау және сыни ойлау қабілеттерін дамыту болды.
Пікірталас барысында оқушылар гаджеттердің білім алудағы тиімділігі мен күнделікті өмірдегі рөлі туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, шамадан тыс гаджет қолданудың кері әсерлері, уақытты тиімді пайдалану және кітап оқудың маңызы жайлы пікірлер айтылды. Оқушылар екі топқа бөлініп, өз көзқарастарын дәлелдер арқылы қорғап, белсенділік танытты.