Бос орынға конкурс жариялау » Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3553472
Есепші бөлімі:
+7(726) 3553472
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос орынға конкурс жариялау
24
қыркүйек
2024

Бос орынға конкурс жариялау

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы  білім бөлімінің «Қабылбек Сарымолдаев  атындағы №12 жалпы орта  білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бос орындарға  (уақытша әлеуметтік педагог 1-бірлік) конкурс жариялайды
 Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл облысы, Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі, Ойтал ауылы, Жауғаш батыр көшесі № 39 үй.
 Анықтама, байланыс номері: 87263553472,     ұялы телефон: 8 (708) 455 82 43 
 Электрондық пошта: om-12-om@yandex.kz
 Негізгі функционалдық міндеттері:  
 1.Білуге тиіс:

  •  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
  •       педагогика және психология, физиология, гигиена;
  •       тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;
  •       педагогикалық этиканың нормалары;
  •       балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері;
  •       еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар
     
     2.Лауазымдық міндеттері:  
  • жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;
  •       әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;
  •       білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;
  •       жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
  •       жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
  •       сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;
  •       әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;
  •       білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;
  •       педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;
  •       білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
  •       білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;

білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
 
  Әлеуметтік педагог- (уақытша) 1 бірлік
 
 3. Біліктілікке қойылатын талаптар:

       жоғары педагогикалық білімі немесе "Әлеуметтік педагог" бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;
       және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл және педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.
 
 4. Құжаттарды қабылдау мерзімі:   24.09.2024ж-02.10.2024 ж аралығында.
 
 5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі
 Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы. Қазақстан
  Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 
33) тармақшасына сәйкес  жүргізіледі.
 1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8 ) наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
 10)
Конкурсқа педагогтердің үлігілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін  және осы қағиданың 154-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

11) 16- қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) Тәжірибесі жоқ кандитаттың бейне презентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10-минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720х480;

13) Осы қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы, құжаттарды кандидатқа қайтарушы үшін негіз болып табылады;

14)Жұмыс уақытының мөлшерлі ұзақтылығы: 09.00 – 18.00-ге дейін

15) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды



 
Конкурстық құжаттар Жамбыл облысы, Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі, Ойтал ауылы, Жауғаш батыр  көшесі № 39 үй. мекен-жайында орналасқан «Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебі»  КММ қабылдау бөлімінде қабылданады.










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив