10
қазан
2024
«Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өтті. Онкүндіктің мақсаты: Ыстық тамақпен қамту жұмысының сапасын арттыру, балаға дұрыс тамақтану ережелерін таныстыру. Ашылу барысында оқу ісінің меңгерушісі Р. Еркебаева онкүндіктің жоспарымен таныстырды және әр сынып дұрыс тамақтануға байланысты шығарған қабырға газеттерін қорғап таныстырып өтті.
