15
тамыз
2023
Бос орындарға конкурс жариялау
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің «Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос тұрған директордың тәрбие - оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына конкурс жариялаймыз!
Бос тұрған директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына 2023 жылдың 15 - 23 тамыз аралығында конкурс жариялаймыз!
Құрметті Меркі ауданының тұрғындары!!!- Қ. Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ мекемесіне қарасты жұмысқа ашық түрде орналасу үшін ашық түрде конкурс жариялайды!!!
- Қ. Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ мекемесінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 15 - 23 тамыз аралығында Сварымолдаев ауылы, Жауғаш батыр көшесі №39 үйде бос тұрған лауазымға конкурс жарияланады.
- Конкурс өткізу күні: 29 тамыз 2023 жыл.
- Конкурс "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары мен лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 жылғы №568 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырылуына сәйкес), ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік министрінің 22.11.2021 жылғы №432 бірлескен бұйрығымен көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін, "педагог - сарапшы" және "педагог - зерттеуші" санаты бар барлық педагог қызметкерлер кемінде 3 жыл педагогикалық еңбек өтілі бар мамандар қатыса алады.
- Лауазымдық міндеттері:
оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;
оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды;
мемлекеттік стандарттың, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ құжаттаманың әзірленуі бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді;
педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;
ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады;
білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
қашықтықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады, барлық сыныптар үшін Қашықтықтан оқытудың оқу бағдарламасын және сабақ кестесін түзетеді.
пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды.
пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонентінің сабақтарының кестесін жасайды;
білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді;
педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды;
тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді, пән мұғалімдерімен бірлесіп баламалы оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады;
жыл сайын кітапхана қорын әдебиеттермен толықтыруға өтінім береді;
оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді және кері байланысты ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды;
оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді;
педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
56. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
57. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы. - Ендеше, жан - жақты дамыған мамандар сіздерді конкурсқа қатысуға шақырамыз!
- Хабарландыру: сайтқа жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде құжаттар конкурсқа қабылданады. Мекен - жайымыз: Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылы, Жауғаш батыр көшесі №39 үй. "Қ.Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ" КММ. Байланыс телефноны: 8(72632)5 -34 -72, ұялы телефон: 8(708)455 82 43
