15
қараша
2023
«Тұлғаның ақпараттық – психологиялық қауіпсіздігі»
Ағымдағы 2023-2024 оқу жылының қараша айының 15-і күні Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың интернет желісіндегі қауіпсіздігін сақтау және ақпараттық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Тұлғаның ақпараттық-психологиялық қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірмелік кеңес беру жұмысы жүргізілді, тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шараны мектеп психологы Г.Майерва және әлеуметтік педагог К.Шабикова өткізді. |