15
ақпан
2024
,, Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі” тақырыбында ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды
Қабылбек Сарымолдаев атындағы #12 жалпы орта білім беретін мектебінде 14 ақпан күні, ақпан айындағы құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы барысында ,, Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі” тақырыбында ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында меркі АПБ КПБ жедел уәкілі полиция лейтенанты Мәшірханов Айсұлтан кәзіргі кезде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың орын алу себептерін айтып өтті. Осыған байланысты мектеп жасындағы балалардың әлімжеттік жасау, ақша бопсалау, және суық қару ұстау фактілері анықталуда, сабақтан кейінгі уақытта Ата-аналар тарапынан бұндай әрекеттерге жол берілгені үшін заң алдында жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі қашанда маңызды екенін айтып өтті.

