15
наурыз
2024
"Наурыз берекем- Наурыз мерекем" акциясы барысында
Қабылбек Сарымолдаев атындағы № 12 жалпы орта білім беретін мектебінде, "Наурыз берекем- Наурыз мерекем" тақырыбында ұйымдастырылған 10-сыныптан құралған волонтёрлердің аз қамтылған отбасыларына көмек көрсету акциясы барысында 15- ші наурыз қайырымдылық күні 10 сынып жетекшісі Г.Майерованың жетекшілігімен мұқтаж жандарға қол ұшын созу,үй шаруасына көмек көрсету және рухани қолдау білдіру, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру мақсатында зейнеткер ұстаз, ақылшы әже Бегімқұлова Шакизат әженің үйіне барып, наурыз мерекесімен құттықтап, сыйлығын тапсырып,үй шаруасына көмектесіп, ұл балалар аула сыртының қарын тазалап, қыздар тарапы үйін жиыстырып беріп, қарт әжейдің батасын алып қайтты.
