19
қазан
2024
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында мектеп парламентінің Президент сайлауы өткізілді
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде 19 қазан күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында мектеп парламентінің Президент сайлауы өткізілді. Мектеп Президенттігіне 10 сынып оқушылары арасында үміткерлер қатысып, сайлау алдында өз бағдарламаларын таныстырып өтті. Сайлау комиссиясы дауыстарды қарап нәтижесінде 10 сынып оқушысы Мырзахан Алима басым дауысқа ие болды. Алимаға өзін-өзі басқару ұйымын мектеп парламенті жұмысын ұйымдастыруға сәттілік тілейміз!
#Біртұтас_тәрбие
#Мектеп_парламенті

#Біртұтас_тәрбие
#Мектеп_парламенті

