26
желтоқсан
2024
Жаңа жылдық іс- шаралар
Жаңа жыл балалар үшін ерекше мереке. Олардың кіршіксіз көңілі бұл күні ғажайыптың болатындығына сенеді. Тау суындай таусылмас қайратқа, сыр суындай сарқылмас жігерге ,гүлдей жайқалған ғұмыр мен самал желдей тербелген өмірге лайықты жас жеткіншектерге тамаша көңіл -күй сыйлау мақсатында 2024 жылдың 26-27 желтоқсан аралығында Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде жаңа жылдық іс- шаралар ұйымдастырылуда.
Іс-шаралардың жоғарғы деңгейде өткізілуіне мектебіміздің көшбасшысы Алимхожин Ильяс Шынасылұлы жетекшілік жасап, директор орынбасарлары, мектеп қызметкерлері, сынып жетекшілер, ата-аналар, "Мектеп Парламенті" өзін-өзі басқару ұйымы, "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелері сүбелі үлес қосуда. Ұйымдардың мүшелері сиқырлы жаңа жылдық ертегі әлемінің кейіпкерлерін сомдап, мерекелік кештің көркін қыздыруда.
Жанұясына қуат, қоғамға шуақ сыйлайтын балапандарымыздың жүзінен күлкі кетпесін,балалық шақтың бақыты тарқамасын. Жаңа жыл жақсылығымен келсін!