30
қаңтар
2025
«Үміт, сенім бізді алдыға жетелейді», «ҰБТ-ға білім алушыларды психологиялық тұрғыда дайындау» тақырыбында тренинг өткізді
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 30 қаңтар күні психологиялық кеңес беру айлық барысында 11-сынып бітіруші түлектердің өз-өзіне деген сенімділігін күшейту,стрестік қалыптан арылту, өзіндік күш жігеріне деген қарым –қатынасын нығайту, өмірге деген құштарлығын арттыру, қиын жағдайда тығырықтан шығу жолдарын үйрету, қобалжу, стресс сияқты психологиялық құбылыстарды болдырмауға дайындау мақсатында «Үміт, сенім бізді алдыға жетелейді», «ҰБТ-ға білім алушыларды психологиялық тұрғыда дайындау» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында «Қорқыныштың суретін сал», «Сенім», «Аңдар мен жәндіктер», жаттығулары жүргізілді. Білім алушылар белсене қатысып, көңіл-күйлері көтерілді.






