04
сәуір
2025
7 сәуір - “Дүниежүзілік денсаулық күні” мерекесіне орайластырылған "Сау болу-сәнді!" ұранымен денсаулық фестивалі ұйымдастырылып өткізілді
Қабылбек Сарымолдаев атындаты №12 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 4 cәуір күні, 7 сәуір - “Дүниежүзілік денсаулық күні” мерекесіне орайластырылған "Сау болу-сәнді!" ұранымен денсаулық фестивалі ұйымдастырылып өткізілді. Бекітілген жоспар бойынша Денсаулық фестивальінің салтанатты ашылуы ҚР Мемлекеттік әнұранымен басталды.Оқушылар арасында "Сау болу-сәнді!" ұранымен флешмоб өткізілді.Мектеп медбикесі оқушыларға "Салауатты әлем құрайық!" тақырыбында баяндама оқып ұстаздардың қан қысымын өлшеп, денсаулықтарына көңіл бөлді.Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен спорттық іс-шаралар өткізілді.
Денсаулық - кез келген адам үшін басты құндылық. Спорт- денсаулық кепілі.Спортпен айналысайық,денсаулығымызды нығайтайық, бақытты болашақты бәріміз бірге құрайық!
Денсаулық - кез келген адам үшін басты құндылық. Спорт- денсаулық кепілі.Спортпен айналысайық,денсаулығымызды нығайтайық, бақытты болашақты бәріміз бірге құрайық!
