Көркемөнер бағытындағы пәндер әдістемелік бірлестігінің 2021-2022 оқу жылының жылдық есебі.
Көркемөнер бағытындағы пәндер әдістемелік бірлестігінің 2021-2022 оқу жылының жылдық есебі.
Көркемөнер бағытындағы пәндер бірлестігінде 7 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде, педагог -сарапшы -5, педагог -модератор-1, санаты жоқ -1 мұғалім. Бірлестікте жас маман АӘД пәнінің мұғалімі Төламан А.
2021-2022 оқу жылына ӘБ-ң жылдық жоспары жасалынып бекітілді.
Жаңа оқу жылында бірлестік пән мұғалімдерінің күнтізбелік –тақырыптық жоспарлары және үйірме жоспарлары бағдарламаға негізделіп жасалып, бекітілді. Бірлестікте «Волейбол», «Футбол», «Шебер қыздар», «Жас сарбаз» , «Шебер қолдар» «Балдаурен» үйірмелері жүргізілді.
Желтоқсан айында Көркем өнер бағытындағы ӘБ-ң жоспары бойынша
/13- 24 желтоқсан 2021ж./ онкүндігі өтті. Онкүндік барысында дойбы,волейбол, әскери –спорттық ойын, қол өнер көрмесі ұйымдастырылды.13-желтоқсан күні онкүндіктің ашылуы өтті. ӘБж жетекшісі Мамытбекова Г іс-шара жоспарымен таныстырды.
14.ХІІ күні көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Мамытбекова Г, Нусупов Б. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 3-4 және 5-9 сынып оқушылар шығармашылығынан «Тәуелсіздік – таң нұры» атты сурет және қол өнер көрмесі өткізді. Мақсаты: оқушыларды өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық тәрбие беру.
20-ХІІ күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сназаров С.7-8, 9-10 сыныптар арасында волейболдан жарыс / ұлдар арасында/ өткізді. Жарыстың мақсаты: оқушыларды волейбол ойнынына қызығушылықтарын арттыру, СӨС қалыптастыру, ептілікке, төзімділікке тәрбиелеу. Жарыс өз деңгейінде өтті. Жеңіске жеткен командалар марапатталды. 9 сынып командасы І-орын, 8 сынып командасы ІІ-орын , 7сынып командасы ІІІ- орын иеленді.

21- ХІІ күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әлжанов М. Дойбы ойынынан педагогтар арасында жарыс ұйымдастырды. Мақсаты: Ұстаздарды спортқа деген қабілет- белсенділіктерін арттыру, ұжым арасында дойбы ойынын дамыту. Болашақта аудандық жарысқа команда жинақтау. Ойын нәтижесінде І- орын АӘД пәнінің мұғалімі Төламан А. ІІ-орын қазақ тілі пәнінің мұғалімі Еркебаева Р. ІІІ-орын Юсупова Гуля.
22-ХІІ- күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Олжабаев Ж. 3-4 сыныптар арасында Эстафеталық жарыс өткізді. Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды жылдамдыққа, ептілікке, жігерлі жастарды тәрбиелеу.
24-ХІІ күні АӘД пәнінің мұғалімі Төламан А 7-8.9 сыныптар арасында Әскери патриоттық ойын өткізді. Мақсаты: Оқушыларды әскери практикалық білімдерін қалыптастыру, ептілікке , төзімділікке , ҚРҚК қызметіне жастарды тәрбиелеу, дайындау.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай «ҚР-сы Қарулы Күштері қызметіне жастарды тәрбиелеу және дайындау» ұранымен өткен аудандық мектептер арасында «Жас сарбаз » әскери –спорттық эстафеталық жарыста №12 ЖОББМ «Жас сарбаз» әскери спорттық клубы жалпы командада ІІІ- орын, және
осы команданың мүшесі 10 сынып оқушысы Әлімқұлова Ш ІІІ- орын Дипломмен марапатталды. Жетекшісі АӘД пәнінің мұғалімі Төламан А.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай ҚР-ң «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы Заңын іске асыра отырып «Тәуелсіздің 30 жылдығына -30 көрме» атты аудандық мектеп оқушылары арасында көрме байқауына 7 сынып оқушылар Асар Ұ, Асқаналы А қатысып «Алғыс хатпен» марапатталды.

Жетекшісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Нусупов Б.
Ақпан айында Аудан мектептері арасында өткізілген «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілердің аудандық байқауына 14-17 жас ерекшелігі бойынша 9 сынып оқушысы Асқар Дариға ІІІ- рын мадақтамамен марапатталды. Жетекшісі Мамытбекова Г.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Құрмет грамотасы» көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мамытбекова Г.Т. марапатталды. Қыркүйек 2021ж.
«Ұлттық қазына» атта көркем еңбек пәні мұғалімдері арасында аудандық ұлттық қол өнер байқауында сурет салу номинациясы бойынша көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мамытбекова Г.Т. ІІ- дәрежелі Дипломмен марапатталды. Наурыз. 2022ж.
Мемлекет және қоғам қайраткері А.Асқаровтың 100 жылдығына орай аудандық ер мұғалімдер арасында волейболдан өткен турнирында І- орын Дипломмен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Сназаров С.және Олжабаев Ж марапатталды.
Р
Меркі ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі «Біз терроризм мен діни экстремизмге қарсымыз!» ұранымен Балалар жылына арналған Меркі ауданының «Көше ойындары -2022» фестивалінде спорттық арқан тарту түрінен
І орын Дипломмен №12 ЖОББМ оқушылары марапатталды.
Меркі ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі Денсаулық күніне арналған аудан ұстаздары арасында волейбол жарысында І- орын Дипломмен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Әлжанов М, Сназаров С, Олжабаев Ж. және АӘД пәнінің мұғалімі Төламан А. марапатталды.
Ұлы Отан соғысы жеңістің 77- жылдығы, ҚР-ның Қарулы Күштердің 30- жыл толуына орай «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қызметіне жастарды тәрбиелеу және дайындау «Айбын» әскери -эстафеталық жарысында ІІІ- орын иеленген №12 ЖОББМ командасы Мадақтамамен марапатталды. Мамыр. 2022 ж.
Ұлы Отан соғысы жеңістің77- жылдығы, ҚР-ның Қарулы Күштердің 30- жыл толуына орай «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қызметіне жастарды тәрбиелеу және дайындау «Айбын» әскери -эстафеталық жарысында Үздік ойын көрсеткені үшін 10 сынып оқушысы Алмазұлы Арнас «Мадақтамен» марапатталды
Жетекшісі АӘД пәнінің мұғалімі Төламан А.
п
28.02.- 04.03. 2022ж. Көркемөнер бағытындағы пәндер әдістеме бірлестігі апталығы өтілді. Апталық барысында ашық сабақтар өтілді.
28.02.2022ж күні 6 сыныпта көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мамытбекова Г. «Материалды таңдау және дайындау. Нобай дайындау» тақырыбында ашық сабақ өтті.
04.03. 2022ж. күнікөркем еңбек пәнінің мұғалім Нусупов Б 5- сыныпта «Сымнан бұйымдар жасау.» тақырыбында ашық сабақ өтті.
02.03.2022ж. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әлжанов М. 6 сыныпта
« Баскетбол.Допты кеудеден екі қолмен беру және қабылдау» тақырыбында ашық сабақ өтті.
01.03.2022ж. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Олжабаев Ж. 5 сыныпта
«Волейбол, Баскетбол .Топтарда шытырман оқиғалы ойындар құру» тақырыбында ашық сабақ өтті.
04.03.2022ж. АӘДпәнінің мұғалімі Төламан А. 10 сыныпта «Шаруашылық жүргізу нысанындағы азаматтық қорғау.» тақырында ашық сабақ өтті.
04.03.2022ж. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сназаров С 7- сыныпта «Волейбол ойыны дағдыларын жетілдіру.» тақырында ашық сабақ өтті.
Сәуір айында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Денсаулық фестивалі» өтілді. Әр түрлі спорттық ойындар өз деңгейінде өтті.
Ұлы жеңістің 77- жылдығына орай көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мамытбекова Г 5-7 сыныптар арасында «Ерлікке тағзым» атты сурет байқауын өткізді.
ӘБ- ң жылдық есебі ӘБ отырысында тыңдалып талқыланды. Келесі оқу жылына аттестатциядан өтуге ұсыныс білдірген мұғалімдер жоқ.