18
қараша
2022
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында,нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 7-11 сыныптың қыздары арасында қыздар жиналысы өтті
Қабылбек Сарымолдаев атындағы #12 жалпы орта білім беретін мектебінде 16.11.2022ж Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында,нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 7-11 сыныптың қыздары арасында оқу ісінің меңгерушісі Мендиярова М.Б, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абишев Б.И, мектеп психологы Майерова Г.М, медбике Әбдіқадір Н.Ж және қыздар клубының жетекшісі Мәмбеталиева А.Д қатысуымен жиналыс ұйымдастырылды.Жиналыс барысында ұлттық тәрбие, мектептің ішкі тәртіп ережесін, құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абишев Б.И мектеп оқушыларының мектеп уақытынан тыс тойларда ән айтып, би билеп, даяшы қызметін атқаруына қатаң тыйым салынатындығын, тәртіптік жауапкершілік қаралатындығы ескертілді. Мектеп медбикесі Әбдіқадір Н.Ж ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. "Қызғалдақ" қыздар клубының жетекшісі Мәмбеталиева А.Д қыздарға өз тарапынан ақыл кеңестерін айтты.
