04
мамыр
2023
Мемлекет және қоғамдық-саяси қайраткері Қабылбек Сарымолдаевтың 125 жыл толуына орай қайраткер тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Мемлекет және қоғамдық-саяси қайраткері Қабылбек Сарымолдаевтың 125 жыл толуына орай аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Төлетбек Ардақ Бақытбекқызы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Байсейіт Жылысбаев, Ойтал ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұматаев Мұрат Сағындықұлы тағы басқа зиялы қауым бастаған қонақтар Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебіне келіп, мектеп ауласында орналасқан қайраткер тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Аудан әкімі Ж.Н.Баубеков құттықтау сөзін айтып, мұражайға ардагер ұстаз М.Жұматаев Қабылбек Сарымолдаевтың жинағын сыйға тартты.
