
9 мамыр Жеңіс күніне орай Қабылбек Сарымолдаев атындағы
#12 ЖОББ мектебінің 1-сынып білім алушыларымен " Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, Ұлы Жеңіс туралы мәлімет бере отырып, соғысқа қатысқан батыр ата-апаларымыздың ерліктері туралы баяндау. Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақ барысында видеороликтер көрсетіліп, білім алушылар би билеп, өлең шумақтарын оқыды. Сынып жетекшісі: А. Ғ. Айылшиева.