Қабылбек Сарымолдаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 16 мамыр күні ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыс барысында мектеп директоры И.Алимхожин "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы"заңының 22-бабы 1-1 тармағымен таныстырып өтті. Мектеп бітірушілер мерекесі барысында қаражат жинауга, дастарқан ұйымдастыру, көлік жалдау, экскурсия жасауға, мейрамханаларда, кафелерде, басқа да ойын сауық орындарында болуға тыйым салынатыны туралы ескертті.11 сынып түлектерінің ҰБТ кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланса( смартфон,шпаргалка т.б ) заң аясында жауапкершілікке тартылатынын айтып өтті.