Іс-шаралар » Страница 19 » Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3553472
Есепші бөлімі:
+7(726) 3553472
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Буллингтен қорған!"
18
қараша
2024
"Буллингтен қорған!"
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12ЖОББМ 2 сыныбында "Буллингтен қорған!"тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларға буллинг ұғымын таныстыру, әлеуметтік желідегі қауіп-қатерлер туралы баяндау. Буллинг - бұл біздің барлығымыздың ортақ жауымыз. Оны жеңу үшін бірге күресуіміз керек екендігін айту. Бастауыш сынып жетекшісі: А.Р.Сугралиева
"Хабарлы сөйлем" тақырыбында
15
қараша
2024
"Хабарлы сөйлем" тақырыбында
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныптар айлығында 15 қараша күні 2 сыныпта "Хабарлы сөйлем" тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сабақ барысында білім алушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында психологиялық ахуал жүргізілді. Білім алушылардың ынталарын арттыруға бағытталған " Адасқан сөздер", "Wordwoll" платформасы, "Суреттер сөйлейді ", " Орнына қой" әдістерін қолданды. Бұл тәсілдер білім алушылардың ынталарын одан әрі арттыра түскені
"15 қараша  - Ұлттық валюта теңге күніне"
15
қараша
2024
"15 қараша - Ұлттық валюта теңге күніне"
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында "15 қараша  - Ұлттық валюта теңге күніне" арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Теңгеміздің шығу тарихы,дизайны және айналымға ену кезі туралы мағлұмат беру. Ұйымдастырушы: Г. Абдуалиева
"Ғғ дыбысы мен әрпі" тақырыбында ашық сабақ өткізілді
14
қараша
2024
"Ғғ дыбысы мен әрпі" тақырыбында ашық сабақ өткізілді
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12ЖОББМ бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлық барысында 14 қараша күні 1 сыныпта әліппе пәнінен  "Ғғ дыбысы мен әрпі" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларға Ғ ғдыбысы мен әрпін таныстыру. Сабақ барысында буындардан, қима әріптерден  "Сөз құра, тез құра"ойыны,  "Қыстырғыш" әдісі, " Wordwall' әдісі қолданылды. Бастауыш сынып мұғалімі: Т.Л.Бейсебаева
Ауыл мектептеріне арналған аудандық олимпиадада
13
қараша
2024
Ауыл мектептеріне арналған аудандық олимпиадада
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Меркі ауданының білім бөлімі жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептеріне арналған аудандық олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып білім алушысы Әлжан Шахизада ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
"Жасөспірімдер тәртібі мен құқықбұзушылық" тақырыбында ата-аналар форумы
13
қараша
2024
"Жасөспірімдер тәртібі мен құқықбұзушылық" тақырыбында ата-аналар
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 13 қараша күні "Жасөспірімдер тәртібі мен құқықбұзушылық" тақырыбында ата-аналар форумы өткізілді. Форум барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың себептері мен оның алдын алу жолдары туралы мәселелер талқыланады. Ата -аналарға арналған шағын концерттік бағдарламамен басталып, мектеп психологының "Сен және мен әлемді бірге өзгертеміз!"  тақырыбында коучингімен аяқталды.
Білім беру ісінің құрметті қызметкері Рысбек Мәуіттің қатысуымен ауданымыздың математика пән мұғалімдері арасында ақпараттық кездесу
12
қараша
2024
Білім беру ісінің құрметті қызметкері Рысбек Мәуіттің қатысуымен
2024 жылдың 12-қараша күні  5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық “Алтын сақа”,“ Алтын тұғыр”, "Алтын түлек" олимпиадаларының авторы, “ZERDELI” ақыл-ой дамыту орталығының негізін қалаушы, білім беру ісінің құрметті қызметкері Рысбек Мәуіттің қатысуымен ауданымыздың математика пән мұғалімдері арасында ақпараттық кездесу өтті. Семинар барысында логикалық есептерді шешу жолдары талқыланды. Кездесуде “Алтын сақа” олимпиадасының аудандық кезеңінің жүлдегерлерлері Қабылбек Сарымолдаев 
"Берекелі, мерекелі Алтын күз!"атты мерекелік іс-шара
12
қараша
2024
"Берекелі, мерекелі Алтын күз!"атты мерекелік іс-шара
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12ЖОББМ  12 қараша  күні 1-4 бастауыш сыныптар арасында "Берекелі, мерекелі Алтын күз!"атты мереке өткізілді. Әр сынып жеміс-көкөністерден қолөнер бұйымдарын жасап, көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар, күздің әсем табиғатына фотосессия ілінді. Мереке барысында жемістер мен көкөністерге байланысты өлең, тақпақтар айтып, ойларын ортаға салды. Күз ханшайымы  жұмбақтар жасырып, ойындар ойнатылды. Мереке көңілді өтті. ӘБ жетекші: Бейсебаева Т. Бастауыш сынып жетекшілері:
"Біз есірткісіз өмірді қалаймыз!"
08
қараша
2024
"Біз есірткісіз өмірді қалаймыз!"
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 8 қараша күні "Біз есірткісіз өмірді қалаймыз" тақырыбында 9-11 сыныптар арасында эссе жазылды.
"Өмір керемет" - тақырыбында тренинг жүргізілді
05
қараша
2024
"Өмір керемет" - тақырыбында тренинг жүргізілді
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған айлығының ашылуы өткізілді. Мақсаты: Ұжым арасында жағымды көңіл-күй тудыру,өздеріне құрметпен қарауға баулу,өзара сыйластық қарым-қатынасты нығайту. Оқушылар арасында "Өмір керемет" - тақырыбында тренинг жүргізілді.