Іс-шаралар » Страница 3 » Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3553472
Есепші бөлімі:
+7(726) 3553472
Нашар көрушілер
нұсқасы
4 маусым күні "Мемлекеттік рәміздер күні" мерекесіне орай сағат 11.00 де мектеп оқушылар және педагогтар бірге мемлекеттік гимнді орындады
04
маусым
2025
4 маусым күні "Мемлекеттік рәміздер күні" мерекесіне орай сағат 11.00
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 4 маусым күні "Мемлекеттік рәміздер күні" мерекесіне орай сағат 11.00 де мектеп оқушылар және педагогтар бірге мемлекеттік гимнді орындады.Мектеп директоры И.Ш.Алимхожин және ауыл ақсақалы Жұматаев Мұрат атамыз  мерекемен құттықтап өтті. https://www.instagram.com/reel/DKe5-Xoo_Ez/?igsh=MXJmczc5dHd5OW5iMA== ​https://www.facebook.com/share/v/16TcG9ojvc/?mibextid=wwXIfr​​​
"Рәміздерім мақтанышым!"  тақырыбында *Балауса" жазғы лагерінің тәлімгері Н.Далибаева танымдық сабағын өткізді.
04
маусым
2025
"Рәміздерім мақтанышым!" тақырыбында *Балауса" жазғы лагерінің
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде 4 маусым рәміздер күніне орай "Рәміздерім мақтанышым!"  тақырыбында *Балауса" жазғы лагерінің тәлімгері Н.Далибаева танымдық сабағын өткізді. – Елтаңба, Ту, Әнұранның мәні мен маңызын түсіндіру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу;
" Балауса" жазғы лагерінде «Ертегілер еліне саяхат» атты іс-шара өткізілді.
02
маусым
2025
" Балауса" жазғы лагерінде «Ертегілер еліне саяхат» атты іс-шара
 Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектепте" Балауса" жазғы лагерінде «Ертегілер еліне саяхат» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі ертегілер әлеміне саяхат жасап, ертегі кейіпкерлерімен танысты, рөлдік ойындар ойнап, жұмбақтар шешіп, шығармашылық тапсырмаларды орындады.   Іс-шараның мақсаты – балалардың ертегі арқылы ой-қиялын, сөйлеу мәдениетін және адамгершілік қасиеттерін дамыту. Тәрбиешілер: Бейсеналиева Д, Сугралиева А.
"Балауса" жазғы  лагерінде "Кітап оқи білесің бе?"әңгімелесу, және мектеп кітапханасына саяхаттау атты іс-шара өткізілді
02
маусым
2025
"Балауса" жазғы лагерінде "Кітап оқи білесің бе?"әңгімелесу, және
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектепте "Балауса" жазғы  лагерінде "Кітап оқи білесің бе?"әңгімелесу, және мектеп кітапханасына саяхаттау атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: кітапханаға оқырмандарды тарту,кітапханаға оқырмандарының санын арттыру.Балалардың кітап оқуына басшылық жасау,көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту. Оларды мәдениеттілікке,еңбектенуге, ізденгіштікке тәрбиелеу.Ұйымдастырушы: кітапханашы:Абдуалиева Г.
"Балауса" жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы "Алтын балалық шақ" тақырыбында өтті .
02
маусым
2025
"Балауса" жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы "Алтын балалық шақ"
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025  жылдың 2 маусым күні мектеп жанынан ашылған "Балауса" жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы "Алтын балалық шақ" тақырыбында өтті . Әсем әндер орындалып,биші қыздарымыз "Қара жорға" биін орындады.  Мейрамбай Кәусардың орындауында "Көңілді күн" , Бейсен Еркеназ "Өзбек" биін тамаша орындады. "Алтын балалық шақ " тақырыбында асфальтқа суреттер салынды.  
«Экологтар күні және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай» Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінің аумағында сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
31
мамыр
2025
«Экологтар күні және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай»
«Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сі, Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 27 мамырдағы шығыс №7-16/307 хатына сәйкес, ағымдағы жылдың 31 мамыр күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Экологтар күні және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай» Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінің аумағында сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
8-сынып оқушыларымен қатысуымен "Менің дауысым"атты челлендж-фестивалі өтті.
27
мамыр
2025
8-сынып оқушыларымен қатысуымен "Менің дауысым"атты
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 8-сынып оқушыларымен қатысуымен "Менің дауысым"атты челлендж-фестивалі өтті.Іс-шараның мақсаты-оқушылардың шығармашылық қабілетін,сөйлеу мәдениетін және кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.Шара барысында оқушылар өз дауыстары арқылы кітап,Отан, табиғат,достық,білім тақырыптарында мәнерлеп сөйлеу үлгілерін ұсынды.Қатысушылар сахна мәдениетін ,сөйлеу шеберлігін көрсете білді.Фестивальге 7 оқушы қатысты.Олардың
"Дәрігер - балалардың жанашыры" тақырыбынды оқушылар арасында салауатты өмір салты қағидаттарын дәріптеп,аурудың алдын алу мақсатында мектеп медбикесі Н.Ж Әбдіқадір шеберлік сабағын өткізді.
26
мамыр
2025
"Дәрігер - балалардың жанашыры" тақырыбынды оқушылар арасында
Қабылбек Сарымолдаев атындаты №12 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 26 мамыр күні "Дәрігер - балалардың жанашыры" тақырыбынды оқушылар арасында салауатты өмір салты қағидаттарын дәріптеп,аурудың алдын алу мақсатында мектеп медбикесі Н.Ж Әбдіқадір шеберлік сабағын өткізді.
"Полиция - балалардың қорғаны" тақырыбында балалардың құқықтық мәселелер жөнінде ақпараттық сағаттар өткізілді.
23
мамыр
2025
"Полиция - балалардың қорғаны" тақырыбында балалардың құқықтық
1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сай 2025 жылдың 23 мамыр күні Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде "Полиция - балалардың қорғаны" тақырыбында балалардың құқықтық мәселелер жөнінде ақпараттық сағаттар өткізілді. АІІБ-нің қызметкері Еркебұлан Тупеков оқушыларға жалпы қауіпсіздік және болашақ мамандықтар туралы ақпараттар беріп,ой бөлісті.
Тараз қаласында өткен Республикалық "ІХ Шерхан Мұртаза оқулары" ғылыми-шығармашылық байқауының "Жүрекке жол тапқан жұлдыз көпір" номинациясы
23
мамыр
2025
Тараз қаласында өткен Республикалық "ІХ Шерхан Мұртаза оқулары"
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ 2025 жылдың 19-21 мамыр күндері аралығында Тараз қаласында өткен Республикалық "ІХ Шерхан Мұртаза оқулары" ғылыми-шығармашылық байқауының "Жүрекке жол тапқан жұлдыз көпір" номинациясы бойынша қаламгер шеберлігі мен жазушылық зертханасын талдауда дараланған 11 сынып оқушысы Әлжан Шахизада ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н. Бекетаева