«Мәңгілік ел және ұлы дала құндылықтары» тақырыбында жоғары сынып
"ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жоба аясында «Мәңгілік ел және ұлы дала құндылықтары» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс шара барысында білім алушыларға ұлттық құндылықтар туралы айтылды. Жобаның мақсаты: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік құзыреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу.