Іс-шаралар » Страница 56 » Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3553472
Есепші бөлімі:
+7(726) 3553472
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Спорт - денсаулық кепілі!" ұранымен аудандық турнир
08
ақпан
2022
"Спорт - денсаулық кепілі!" ұранымен аудандық турнир
2022 жылдың 5 ақпан күні   Мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына орай "Спорт - денсаулық кепілі!" ұранымен волейболдан аудандық турнирден ер мұғалімдер командасы 1орын иеленді
«Қайырымдылық керуені» акциясы
08
ақпан
2022
«Қайырымдылық керуені» акциясы
«Қайырымдылық керуені» акциясы аясында, 8.02.2022 жылы жомарт жандардың тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасы Омарова Дамираға азық түлік пен және қыстық сырт киімдермен қамтамасыз етілді.
"Темекісіз болашаққа" тақырыбында баяндама
07
ақпан
2022
"Темекісіз болашаққа" тақырыбында баяндама
Қабылбек Сарымолдаев атындағы #12ЖОББ мектебінде 7 ақпан күні 8-9 сынып оқушыларының арасында,зиянды әрекеттердің алдын алу мақсатында мектеп медбикесі Әбдіқадір Н.Ж "Темекісіз болашаққа" тақырыбында баяндама оқыды.
"Кітапты кім және қалай жасаған" кітапханалық сабақ
04
ақпан
2022
"Кітапты кім және қалай жасаған" кітапханалық сабақ
Қабылбек Сарымолдаев атындағы #12 жоббм 4 сынып  кітапханалық сабақ тақырыбы "Кітапты кім және қалай жасаған"  кітапханашы А.Ашимова Сабақтың мақсаты : оқушыларды  оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты  ұстауға баулу. Оқушының білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Сабақтың барысында оқушылар кітаптың қалай жасалатыны туралы бейнебаяннан көрді.
"ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ ТҰЛҒА"  тақырыбында көрме
04
ақпан
2022
"ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ ТҰЛҒА" тақырыбында көрме
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББ мектеп кітапханасында 7 сынып оқушыларының қатысуымен қазақта дара туған қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахмет ұлы Қонаевтың 110 жылдық мерей тойына библиографиялық шолу өткізілді.  "ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ ТҰЛҒА"  тақырыбында көрме қойылды. Көрмеге  Д.А. Қонаевтың кітаптары , журналдар, газет, суреттері қойылды. Кітапханашы А.Ашимова
" Тазалық- денсаулық кепілі" тақырыбында мектеп психологы мен медбике қыздармен әңгіме жұмысын жүргізді.
04
ақпан
2022
" Тазалық- денсаулық кепілі" тақырыбында мектеп психологы мен медбике
30 қаңтар күні 7-11сынып қыздары арасында " Тазалық- денсаулық кепілі" тақырыбында мектеп психологы мен медбике әңгіме жұмысын жүргізді. Сонымен қатар мектеп формасы, шаш үлгілеріне де ескерту жасалынды.
"Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы" онкүндігі
04
ақпан
2022
"Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы" онкүндігі
Кабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББ мектебінде де "Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы" онкүндік аясында оқушылардың бойында рухани адамгершілік касиеттерді дамыту максатында " Мейірім төгетін ана" такырыбында окырмандар конкурсы өткізілді. Окушылар ана туралы өлеңдерді мәнерлеп окып, жаксы тілектер айтып, бір - біріне деген қамқорлықтарын білдірді.
"Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндіктің ашылуы
02
ақпан
2022
"Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі
Қ.Сарымолдаев атындағы № 12 ЖОББМ 2022 жылы 1-11 сыныптар аралығында өзін-өзі тану "Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндіктің ашылуы өтті. О нкүндіктің өткізілуі бойынша іс шаралар жоспарымен таныстырылды. Ашылу барысында білім алушылар сүйіспеншілік тақырыбында өлең тақпақтарын айтып, Сара Алпысқызының өмір баянымен, шығармашылығымен таныстырылды.
«Отбасы тәрбиесі-қоғам неізінің бастауы» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
28
қаңтар
2022
«Отбасы тәрбиесі-қоғам неізінің бастауы» тақырыбындағы ата-аналар
Мектебімізде 1-11 сынып білім алушыларының ата-аналарымен «Отбасы тәрбиесі-қоғам неізінің бастауы» тақырыбында ара қашықтық сақтай отырып жиналыс өткізілді. Аудандақ ақсақалдар алқасының төрағасы Қ.Иманалиев отбасы тәрбиесі қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселердің бірі екенін ата-аналарға түсінідіріп өтті.
Көркемөнер бағытындағы пәндер бірлестігінің   онкүндігі
27
желтоқсан
2021
Көркемөнер бағытындағы пәндер бірлестігінің онкүндігі
13-27.12.2021 ж. аралығында көркемөнер бағытындағы пәндер бірлестігінің   онкүндігі өтті.  Жоспар бойынша   сыныптан тыс сабақтар  жарыстар, көрмелер өтіліп, талданды. 14.ХІІ күні көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Мамытбекова Г, Нусупов Б. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  3-4 және 5-9 сынып оқушылар шығармашылығынан «Тәуелсіздік – таң нұры» атты сурет және қол өнер көрмесі өткізді. Мақсаты: оқушыларды өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық тәрбие беру.