№3 Педагогикалық кеңес

2026 жылдың 6 қаңтар күні Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде №3 педагогикалық кеңес өтті.
№3 Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
1.ІІ педагогикалық шешімнің орындалуы туралы.
2.«Bilim Class» платформасында мұғалімдердің электронды журнал толтыру бойынша маниторингі, мектеп сайты,ҰБДҚ толтырылуы
3.Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайы, бракераждық комиссияның жұмысы.
3.1.Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жартылай жетім, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларды жаңажылдық аудан, облыс әкімінің шыршасына қатыстыру, тізімін жасау
4.Мектептің 2025-2026 оқу жылының жұмыстық оқу жоспарын (оқу жұмыс жоспарының Үлгілік оқу жоспарына сәйкестігі), мұғалімдер жүктемелерін бекіту.
4.1.2026 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагог мамандардың сабағына қатысу және «Ұстаз» платформасына педагог-модератор мен педагог-сарапшылардың құжаттарын дұрыс рәсімдеп тіркеу
5.ІІ тоқсан қорытындысы мен мемлекеттік білім стандарты талаптарының пәндер бойынша орындалуы жағдайы. БЖБ, ТЖБ орындалу сапасы
5.1.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.
5.2.ЕББҚ, талантты және дарынды, ынтасы жоғары оқушылар және үйде оқытылатын балаларды оқытылу жағдайы
6.9, 11 сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауға байланысты алынған тест нәтижелері.
6.1.РISA зерттеу тапсырмаларының ҚМЖ-да көрініс табуы.
7.«Адал азамат » біртұтас тәрбие бағдарламасының І жарты жылдықтағы жұмыстарының орындалу қорытындысы. Сынып жетекшілердің тәрбие жұмысының жарты жылдық жоспарын зерделеу.
Кеңес отырысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жаңа міндеттер айқындалды.