06 сәуір 2022 0 1 2 3 4 5 "1000 бала олимпиадасы" [15:40, 07.04.2022] DI: “Мың бала” олимпиадасы жыл сайын ауыл мектептерінде білім алатын 5 және 6 сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтап, оларға еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасындағы ауылдық жерлердегі талантты мектеп оқушыларын дамыту және қолдау үшін жағдай жасау. Ауылдың дарынды балаларына жүйелі орта қалыптастырып, ұзақ мерзімді қолдау арқылы әлеуетін одан әрі дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу, ұсыну.[15:41, 07.04.2022] DI: «Мың бала» олимпиадасы жоба ретінде бірден бірнеше міндетті атқарады: бұл талантты ауыл балалары үшін қосымша әлеуметтік лифт және оларға сапалы білім беру ресурстарына қолжетімділікті ұсыну.[15:42, 07.04.2022] DI: Олимпиада онлайн-тестілеу форматында өтеді. Ол І және ІІ-кезеңнен тұрады:І кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауды қамтиды. Тестілеу онлайн форматта өтеді. Өңірлер бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған 5 000 оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алады.IІ кезеңде қатысушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілі/орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша компьютерлік тестілеуден өтеді. Екінші кезең өңірлік тестілеу орталықтары негізінде ұйымдастырылады.