19
қазан
2022
биология пәні мұғалімі Оралбек А.Н. «Азық – түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар» тақырыбында ашық сабағы

19.10.2022ж.күні биология пәні мұғалімі Оралбек А.Н. «Азық – түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар» тақырыбында ашық сабағын 7 сыныппен өтті. Мұғалім сабағын оқушылармен сәлемдесу, түгендеп, топқа бөлді. «Шеңбер» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылады. Оқулықтағы мәтінмен танысып, термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алды. «Жасырын ұяшық» әдісі арқылы жасырынған азық-түліктердің қай органикалық затқа жататынын анықтады. «QR код» әдісі арқылы тест тапсырмаларын орындады. «Еркін микрофон» әдісі арқылы мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдады.