Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер әдістемелік бірлестігі жұмысының жылдық есебі. » Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3553472
Есепші бөлімі:
+7(726) 3553472
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер әдістемелік бірлестігі жұмысының жылдық есебі.
09
қаңтар
2023

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер әдістемелік бірлестігі жұмысының жылдық есебі.








Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер әдістемелік бірлестігі жұмысының жылдық есебі.





     









2022-2023 оқу жылындағы І жарты жылдықтағы атқарылған жұмыстарға талдау

Жаратылыстану-математика бағытындағы бірлестігінің түйінді мәселесі: 

Сабақта жеке бағытталған және деңгейленген тапсырма негізінде білім сапасын көтеру


Мақсаты: «Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу арқылы саралап оқыту принциптерін жүзеге асыру, ұлттық әдістерді дәріптей отырып, ой-өрісі дамыған, шығармашыл тұлға тәрбиелеу»


Міндеттері: 

Ø  Оқушыларға сапалы білім беру,

Ø  Маниторинг  жүргізу арқылы жеке қабілеттерін ашу;

Ø  Оқушылардың  шығармашыл қабілеттерін ашуға жағдай туғызу;

Ø  Қабілеті жоғары балалармен жұмыс істеу;

Ø  Жаңа оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдану,

Ø  Оқу-әдістемелік кешендерді жаңартып отыру;

Ø  Оқу-тәрбие процесінде шығармашылық жұмыстарды кеңінен қолдану;

Ø  Мұғалімдердің біліктілігі мен шеберлігін арттыру;

Ø  Жүйелі жұмыс жүргізу;

Ø   Мектепішілік, қалалық  деңгейдегі пәндік олимпиада, интеллектуалды ойындарға катысу;


2.Жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігіндегі  мұғалімдерінің сапалық құрамы  

2022-2023 оқу жылы

                                                                                                                                                                            №

Мұғалім     туралы  мәлімет

/толық аты-жөні/

Туылған  жылы, айы,күні

Білімі

/жоғ.оқу орнын күндізгі,сырттай/

пәні

Еңбек өтілі

Санаты

Сабақ беретін сыныбы

Апталық жүктемесі

Курс атауы

Сертификат № берілген күні

Өрлеу

НИШ

1

Иса Дана 



информатика

10

с/з

3,    5-11

13

+


ТО №004158

16.10.2017ж

2

Меңдиярова     Меруерт  Бериковна

23.12.87


информатика

6

ІІ

5-9

5

+


№0128531

06.11.15ж  


3

Умирбекова Зина Бужинова

20.02.1965

Жен Пи география     пәнінің  мұғалімі

География


26

ІІ

5-11

18

+


17.11.12

№0391072


4

Аралбаева Шынар Михайловна 


01.02.1962

Математика 

1986

ЖамПИ

Математика 


37


жоғары

5-7

17


Тараз қ. «НЗМ»ДББҰ

28.10.16

№022924

5

Дәулетбаева Дина


15.11.1959

Химия пәнінің мұғалімі

1982

Абай атын  ҚазПИ

Химия пәні


23

ІІ

7-11

12

+

Меркі


6

Саркулова  Анар 

14.10.1987

ТарМПИ 2009ж Математика пәні мұғалімі

Математика 

11

П-С

8,9,10 ,11

22

+

Тараз


7

Сейтқасым Мөлдір

19.06.1990

ҚИПХДУ
 2017ж
 математика

Математика 


10

ІІ




Тараз қаласы

5.06.2018

№012768

8

Оралбек Айгерім

22.03.1994

КазГу 2018ж

Биология пәні

Биология 

2

с/з

7-11

10


Тараз


9


Мәмбеталиева Айшолпан

15.03.1993

ТарМПИ 2015ж

 физика пәні

Физика 

6

П-М

7-11

10

+



4.Деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер туралы мәлімет


Мұғалімнің аты-жөні

пәні

Деңгейлік курс

Қысқа мерзімді курс

Жылы 

1

Саркулова А.К

Математика 

ІІ-деңгей  ПШО Тараз


2019ж


Жаңартылған білім мазмұнында біліктілігін арттыру курсын өткен мұғалімдер туралы мәлімет


р/с

Мұғалімнің  аты жөні

Қашан ,қайда өтті

Сертификат№

Қай пәнннің     мұғалімі

1

Сейтқасым Мөлдір

17.07.2017ж Тараз қ.«Өрлеу» БАҰО.АҚ филиалы

№001941

Математика  пәні

2

Дәулетбаева Дина 

12.06.17ж     Меркі  «Өрлеу» БАҰО.АҚ филиалы 

БЖ №000374

Химия пәні 

3

Меңдиярова Меруерт Бериковна

06.11.15ж  Тараз қ. «НЗМ» ДББҰ 

№0128531

Информатика 

4

Саркулова А.К

20.07.2022ж Меркі  «Өрлеу» БАҰО.АҚ филиалы


Математика


Критеиалды бағалау      бойынша  курстан  өткен   мұғалімдер  туралы  мәлімет.

2022-2023 оқу жылы 

р/с

Мұғалімнің  аты жөні

Қашан ,қайда өтті

Сертификат№

Қай пәнннің     мұғалімі

1

Аралбаева Шынар Михайловна

28.10.2016ж     Тараз қ. «НЗМ»ДББҰ       

БЖ№022924

Математика  пәні


8. Білім сапасын арттыруда оқу  озаттары мен үздіктер санының өсуі

Биология пәні бойынша


Оқу жылы

Білім сапасы

Пән мұғалімдері


1

2020-2021

71,3%

Төлендиева Н

2

2021-2022

71,4%

Оралбек Айгерім

3

2022-2023

65 %

Оралбек Айгерім







Математика пәні бойынша


Оқу жылы

Білім сапасы

Пән мұғалімдері

1

2020-2021

70%

Аралбаева Ш Саркулова А.К.

2

2021-2022

70%

Аралбаева Ш Саркулова А.К.

3

2022-2023

61,5%

Аралбаева Ш Саркулова А.К.










География пәні бойынша


Оқу жылы

Білім сапасы

Пән мұғалімдері


1

2020-2021

78%

Умирбекова З

2

2021-2022

78%

Умирбекова З

3

2022-2023

70%

Умирбекова З







Химия пәні бойынша


Оқу жылы

Білім сапасы

Пән мұғалімдері


1

2020-2021

73 %

Дәулетбаева Дина

2

2021-2022

70 %

Дәулетбаева Дина

3

2022-2023

66%

Дәулетбаева Дина







Физика пәні бойынша


Оқу жылы

Білім сапасы

Пән мұғалімдері


1

2020-2021

68%

Карибаев Ш

2

2021-2022

68%

Карибаев Ш

3

2022-2023

66,4%

Мәмбеталиева







Информатика пәні бойынша


Оқу жылы

Білім сапасы

Пән мұғалімдері


1

2020-2021

72%

Иса Дана

Меңдиярова  М

2

2021-2022

73%

Иса Дана

Меңдиярова  М

3

2022-2023

75%

Иса Дана

Меңдиярова  М










Мектепте  уәжі төмен   оқушылармен  арнаулы  жұмыс   жүргізіліп келеді.   Оқу жылы  бойы уәжі   төмен оқушылармен қосымша   сабақтар  ұйымдастырылып, бұл іске оқушылардың  ата-анасы  белсенді түрде тартылып отырылды. 

            Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің 1.10.2022-28.10.2022ж күндері аралығында өтілген айлығының қорытындысы.

            1.10.2022-28.10.2022ж күндері аралығында  "Әлем нақты ғылымдар тілінде" тақырыбында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің айлығы өтті. Айлықтың мақсаты:   оқушылардың ойлау қабілеті мен математика-жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін тереңдету және  осы пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру.

            12.10.22ж  күні география пәні мұғалімі  Умирбекова З."Табиғатты қорғау." тақырыбында ашық сабағын 8 сыныппен өтті. Білім алушылардың қызығушылықты ояту үшін «Миға шабуыл»  әдісі арқылы бейнематериал көрсеті. Жұптық жұмыста "ҚР-да табиғатқа әсер ететін жағымсыз салдармен күрес жөніндегі іс-шаралар" кестесін толтырды. Топтық жұмыста оқушылар   3 топқа бөлініп «Қазақстандағы жасыл экономика» туралы мәтін ұсынылады. Әр   топ бір –біріне  сұрақ  қойып   жарыстырылды. Сабақты бекітуде білім алушылар сабақта алған білімдерін айтып берді.                          11.10.2022ж күні физика пәні мұғалімі Мәмбеталиева А.Д. «Қатты денелердiң балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншiктi балқу жылуы» тақырыбындағы ашық сабағын 8 сыныппен өтті. Мұғалім «Жылы  алақан» жаттығуы қолданып, сәттілік тілеу  арқылы сабағын бастады,  әдіс тәсілдер, сабақ кезеңі, дескрипторлар, бағалау критерийі, кері байланысті тиімді ұйымдастыра білді. Оқулықпен жұмыс практикалық жұмысты орындап тақырыпты өз беттерімен меңгереді. Эксперменттік тапсырмада оқушылар талдау жасап     температурадан қатаю температурасына дейін қанша уақыт өтті? Қатаю процесі қанша уақытқа созылды? Қатаю температурасы уақытқа қалай тәуелді? ДЕ аралығы не туралы айтады? деген сұрақтарға жауап алды. Білім дағдысы жинақтауда  «Мен мықтымын» әдісі арқылы оқушыларға тест тапсырмасы берілді. Сабақ соңында рефлексия сұрақтары қойылып, үйге тапсырма берілді.  Қорыта келе мұғалімге әлі де тәжірибелі мұғалімдерден үйренері көп.

            17.10.2022ж күні математика пәні мұғалімі Саркулова Анар «Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелері (қосу және көбейту ережелері)» тақырыбында ашық сабағын 9  сыныппен өтті. Ашық сабағын сыныпты Комбинаторика, Граф, Элемент және Жиын қима қағаздары арқылы 4 топқа бөліп, ой қозғау арқылы жаңа тақырыпты анықтап алды.     

« Жигсо» әдісі  арқылы мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылады. Жаңа мәліметпен  өз бетінше оқып танысты. Әр топ берілген ақпаратпен бөлісті. Жұптық жұмыс "Ойлан, жұптас, бөліс" әдісі арқылы тапсырмалар орындады. Жеке жұмыс www.plickers.com/classes бағдарламасы арқылы тест тапсырмаларына жауап берді. Сабақ соңында «Бес саусақ» әдісі арқылы рефлексия жүргізіп, үйге тапсырма берілді. Қорыта келе, мұғалім сабақ беру әдіс тәсілдерін жетік меңгерген.

            19.10.2022ж. күні биология пәні мұғалімі Оралбек А.Н. «Азық – түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар»  тақырыбында ашық сабағын 7 сыныппен өтті. Мұғалім сабағын оқушылармен сәлемдесу, түгендеп, топқа бөлді. «Шеңбер» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты   байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылады. Оқулықтағы мәтінмен танысып, термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алды. «Жасырын ұяшық» әдісі арқылы жасырынған азық-түліктердің қай органикалық затқа жататынын анықтады. «QR код» әдісі арқылы тест тапсырмаларын орындады. «Еркін микрофон»  әдісі арқылы мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдады.

            20.10.2022ж күні химия пәні мұғалімі Даулетбаева Д " Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі " тақырыбында ашық сабағын 8 сыныппен өтті.  Ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен амандасып, түрлі-түсті қима қағаздармен 4 топқа біріктірді. "Кім көп біледі" әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру мақсатында сұрақтар қойылды. Мағынаны ашу үшін топтар постер құрып, оны қоғады.  металдардың белсенділігін анықтау үшін қышұылдармен әрекеттестіріп сутегінің бөлінуін тәжірибе жасау арқылы анықтады. Мұғалімнің Жұптық жұмысқа сәйкестендіру тапсырмасы берілді. Жеке жұмысқа суретке қарап оқушылар реакция теңдеуін жазды. Сабақ барысында  дәптермен жұмыс жасалынды, жұмыс дәптерлері  түгел.  Сергіту сәтінде оқушыларға ақ парақты төбелеріне қойып адам бетінің суретін салдыртты. Жетістік баспалдығы әдісі арқылы рефлексия алып, үйге тапсырма берілді.   Оқушылардың  белсенділігі жоғары болды. Жалпы мұғалім сабақ мақсатына жете алды. 

            26.10.2022ж күні информатика пәні мұғалімі Иса Д " Ақпаратты шифрлау " тақырыбында ашық сабағын 5 сыныппен өтті. Сабақтың басын оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбымен таныстырылды. өткен тақырыпты еске түсіру үшін сұрақтар қойылды.  Жаңа сабақты слайд арқылы мәліметтер берілді. Жеке жұмыс морзе кодымен берілген сөздерді декодтады, екінші тапсырмада цезарь коды шифрлау әдісі арқылы орындады, үшінші тапсырмада жалауша кодтық кестесін қолданып, шифрды декодтады. Сабақ соңында рефлексия жүргізіліп, үй тапсырмасы берілді. Оқушылар баяу жұмыс жасады, компьютермен тапсырманы барлық оқушылар орындай алды. Деңгейлік тапсырмалар көрсетілмеді ,сабағында уақытты   дұрыс  пайдаланды. Жалпы мұғалім сабақ мақсатына жете алды.

            19.10.2022ж күні физика пәнінің мұғалімі Мәмбеталиева А " Физика өмірімізде " тақырыбында сыныптан тыс сабағын 9 сыныппен өтті. Сыныпты  «Эйнштейн ізбасарлары», «Жас физиктер» атты екі топқа бөліп сайыс сабағын бастады. Сайыс сабағы 8бөлімнен құралған, І бөлім «Физика-ол менің үйімде», екі топқа тапсырма беріледі, мысалдар келтіру керек. ІІ бөлім «Физика-музыка елінде» бейнебаян көретілді. Сол бейнебаянда қандай физикалық құбылыстарды байқағандарын айтты.   ІІІ бөлім «Физика мақал мен мәтелде» оқушылар өздерінің дайындап келген мақал-мәтелдерін айтып,мағынасын ашып берді. IV бөлім «Физика тілімен дәлелде!» топшамаларға жазылған тапсырмалар берілді.Оқушылар физикалық заңдылықтарға сүйене отырып жауап берді. V бөлім «Физика- әзілде» әзіл сұрақтар  жауап берді.   VІ бөлімде  «Физикалық тәжірибе» жасап сабақты қортындылады. Сайыс сабақ белсенді өтілді. 

            19.10.2022ж. күні информатика пәнінің мұғалімі Иса Д " Информатика жұлдызы " тақырыбында сыныптан тыс сабағын 5-6 сыныппен өтті. Сайыс мына бөлімдер бойынша болды: 1-бөлім «Бәрін білгім келеді» - бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылды. оқушылар нақты әрі тез жауап беріп отырды.  2- бөлім «Құпия алаң»  - тақтада 1-ден 15-ке дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап берді. 3- бөлім «Бұл не?» оқушылар сайысқа түсті.  Плагиат деген не?  Браузер деген не?  Пиксель деген не?  Провайдер деген не?  E-mail деген не?. Компьютерлік вирус деген не?  Антивирус деген не? Транслятор деген не?   деген сұрақтарға жауап берді. 4-бөлім. «Мақал – сөздің мәйегі» Бұл бөлімде оқушыларға информатикаға байланысты аударылған мақалдар берілді, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек,  5- бөлім «Тапқырлық» бұл сайыста әр бала жұмбақтарды оқиды, ойлануға уақыт берілмей жауап беру керек. 6-бөлім «Пікір-талас» - интернеттің пайдасы мен зияны тақырыбында өз ойларын айтты. Оқушылардың жинаған ұпайларына байланысты жеңімпазды анықтап, марапатталды. 

           20.10.2022ж күні география пәні мұғалімі  Умирбекова З "Жас географ" тақырыбында сыныптан тыс сабағын 5-6 сыныппен өтті.  Сабақты жұптық жарын түрінде өткізді. 5сыныптан екі жұп, 6 сыныптан екі жұп сайысқа түсті. Сайыстың  шарттарымен таныстырылды. 

І.Таныстыру. Оқушылар өз жұптарын таныстырып, жұптарға атын қойды.  ІІ кезең «Ойлан, тап!» кезеңі. Бұл кезеңде әр топ экрандағы ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап берді. ІІІ кезең Үй тапсырмасы кезеңі, бұл кезеңде әр топқа Әлемнің жеті кереметерінің біріне презентация жасауға берілген, соны қоғап шықты.   ІV кезең «Құпия жәшік » , бұл кезеңде жәшіктегі суреттерді алып, оның атын атамай жұбына түсіндірді. Өте қызық кезең болды. V кезең «Мені түсін..» деп аталды. Бұл кезеңде аталған сөздердің мәнін табу керек. Мысалы, - Раушан не?- Гүл - деген сияқты. Сайыс соңында жеңімпаз жұпты анықтап, марапатталды. Сабақ қызықты әрі мазмұнды өтілді.

            22.10.2022ж күні математика пәні мұғалімі Саркулова Анар "Формулалар әлемі" тақырыбында сыныптан тыс сабағын 8 сыныппен өтті. Сайысқа қатысушылар екі топқа бөлініп, сайыс кезеңдерімен таныстырылды. 1- бөлім:топтардың амандасуы - топ басшыларын анықтап, ұрандарын айтып топтың атын қойды. 2- бөлімде   «Ыстық орындық»  /топ жетекшілерінің жарысы/  Әр    топтың   жетекшілері    шығып,    10 сұраққа тез-тез жауап берді. 3 -бөлімде «Формуланы жалғастыр» эстафета. Әр топ оқушылары алдына-ала тақтадағы жазылған формуланы кезек-кезек жалғастырып жазды.  4- бөлімде  «Құпия ұяшық» Номірленген ұяшықтарды, формулалардың тақырыбы таңдалады. Әр топ бір-бірден ұяшық таңдап,  5 мин ішінде білетін формулаларын жазып, таныстырады.1 ұяшық «Қысқаша көбейту формулалары»

2 ұяшық «Дәреженің қасиеттері». 5- бөлімде   «Логика – мидың шынықтырушысы», әр топқа 10 логикалық сұрақтар қойылып, 1секунд ішінде тез жауап берілу керек. Сайыс соңында жеңіске жеткен топты мадақтап, жеңімпаздарды марапаттады. Сайыс сабақ барысында оқушылардың өтілген формулалардың ұмытылып, еске түсіру үшін қосымша жетелеуші сұрақтар қойылып отырды. Сайыс сабақ белсенді өтілді. 

            21.10.2022ж  күні химия пәні мұғалімі Даулетбаева Д "Білгір химик" тақырыбында сыныптан тыс сабағын 8-9 сыныппен өтті. Химия пәнінен 8 -9 сыныптар арасында өткізілді 

Сайыстың кезеңдерімен таныстырылды. Таныстыруда топтар ұрандарын айтып, топ басшыларын таныстырды. Бәйге турында әрбір топқа 10 сұрақтан беріліп,дұрыс жауапқа 10ұпайдан берілді. «Сиқырлы ұяшықтар» турда әр топ қалаған тақырып таңдайды.Әр тақырып төңірегінде 10,20,30,40,50 ұпайлық сұрақтар жасырылған. Көкпар айналымында  2 мин берілген формуладағы әрбір элементтің массалық үлесін анықтау керек, есептер шығарылды. Оқушылар белсенді қатысып, сабақ соңында жеңіске жеткен топты мадақтап, жеңісімен құттықтады. 

            26.10.2022ж күні биология пәні мұғалімі Оралбек А.Н. " Қызықты биология " тақырыбында сыныптан тыс сабағын 9-10 сыныппен өтті.   Ойынға әрбір сыныптан 5 оқушыдан қатысты. Алдымен топ ішінде өзара ақылдаса отырып топтың лидерін, топтың атын, және девизін ойластырды, берілген эмблеманың мәнісін түсіндірді. Әрі қарай ойынның барысымен және шарттарымен таныстырып өтті. Ойын 4 раундтан тұрды. I раунд: Викторина - оқушыларды   ережелер мен шарттарды таныстырды. Сұрақтар 5 категорияға бөлінген, әр категорияда 10, 20, 30, 40, 50 баллдан бағаланған.  II раунд: «Білгенге маржан» - әрбір топтың мүшелеріне 5 сұрақ қойылды, олар бірден жауап беріп отырды.. Әрбір дұрыс жауапқа 10 баллдан берілді. Жауап бере алмаған сұрақтарда болды. Сыныптан тыс сабақ белсенді әрі қызық өтілді.



Қорыта келе, Қабылбек Сарвмолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебі 2022-2023 оқу жылында алдына қойған мақсат, міндеттерді   орындау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Мектептегі оқу үрдісі толықтай жалпыға міндетті білім стандартына негізделе отырып ұйымдастырылды. Оқушылар, пән мұғалімдері  аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға, интернет олимпиадаларға, интеллектуалдық марафондарға  қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 

Математика пәнінің мұғалімі Аралбаева Ш, Саркулова А


Республикалық "Әл-Фараби" зияткерлік олимпиадасына белсене атсалысып, кәсіби шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны және еліміздің ертеңі жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие берудегі зор еңбегі үшін  Саркулова А алғыс хатпен марапатталды.






Оқушыларының жетістіктері: 

"Әл-Фараби" республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары

Оқушының аты-жөні

Сыныбы 

Нәтижесі 

Жетекшісі 

Абулхайыр Нұрсұлу Нұрлыбекқызы

8

ІІ дәрежелі диплом

Саркулова Анар Кыргызбековна

Аманбай Елдана Бахытқызы

8

ІІ дәрежелі диплом

Саркулова Анар Кыргызбековна

Есенжанұлы Ерұлан

8

ІІ дәрежелі диплом

Саркулова Анар Кыргызбековна

Мырзахан Алима Нурбекқызы

8

ІІІ дәрежелі диплом

Саркулова Анар Кыргызбековна

Салмаханбет Нұралі Алмасұлы

8

ІІІ дәрежелі диплом

Саркулова Анар Кыргызбековна

Таубай Нұрәділ

6

ІІ дәрежелі диплом

Аралбаева Шынар Михайловна

Жылыспай Анель

6

ІІ дәрежелі диплом

Аралбаева Шынар Михайловна

Әліқұл Адина

6

ІІІ дәрежелі диплом

Аралбаева Шынар Михайловна

Әскербай Асылжан

6

ІІІ дәрежелі диплом

Аралбаева Шынар Михайловна

Темірхан Темірлан

5

ІІ дәрежелі диплом

Аралбаева Шынар Михайловна

Жексеналы Рамазан

5

ІІІ дәрежелі диплом

Аралбаева Шынар Михайловна

Құттыбек Айару

5

ІІ дәрежелі диплом

Аралбаева Шынар Михайловна

Темірбек Назерке

5

ІІ дәрежелі диплом

Аралбаева Шынар Михайловна

Алмазұлы Асылбек

5

ІІІ дәрежелі диплом

Аралбаева Шынар Михайловна

Тоқтабек Айым

5

ІІ дәрежелі диплом

Аралбаева Шынар Михайловна


 "Кенгуру-математика барлыңы үшін" интеллектуалдық ойын-конкурсының жеңімпаздары

Оқушының аты-жөні

Сыныбы 

Нәтижесі 

Жетекшісі 

Диана Асан

9

ІІ дәрежелі диплом

Саркулова Анар Кыргызбековна

Дана Ерлан

9

сертификат

Саркулова Анар Кыргызбековна

Іңкәр Сейсенбек

10

ІІ дәрежелі диплом

Саркулова Анар Кыргызбековна

Асқаналы Арай

6

ІІІ дәрежелі диплом

Аралбаева Шынар Михайловна 

Асылбек Алмазұлы

5

ІІІ дәрежелі диплом

Аралбаева Шынар Михайловна 

Ұлнұр Таңат

8

І дәрежелі диплом

Саркулова Анар Кыргызбековна

Берік Ақнұр Мадетқызы

8

І дәрежелі диплом

Саркулова Анар Кыргызбековна






Жаңа оқу жылының мақсат, міндеттері: «Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу арқылы саралап оқыту принциптерін жүзеге асыру, ұлттық әдістерді дәріптей отырып, ой-өрісі дамыған, шығармашыл тұлға тәрбиелеу» тақырыбын бірлестік басшылыққа ала отырып,  оқу жылына пән бойынша білім сапасын 70-80%-ға жеткізіп аудан, облыс, республика көлеміне  барлық байқауларға белсене қатысып жүлделі орындарға иелену. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуіне, ойлануына мүмкіндік жасау.

            Жаратылыстану-математикалық пәндерінің жетекші идеяларын және теорияларын, заңдарын негізгі ұғымын анық жеткізу. Қосымша сабақтарды тиімді ұйымдастырып уақытылы өткізу.

            Жаңа бейімдік оқыту жүйесін енгізу барысында пәндердің бағдарламасын жеңілдету және мазмұнын қоғам мен кәсіптік әрекеттер сұранысымен байланыстыру және функционалдық сауаттылықты арттыру барысында барлық пәндерде TIMSS, PISA оқыту бағдарламасын кіріктіре отырып, логикалық сұрақтар мен тапсырмаларды оқушы деңгейі мен жас ерекшелігін ескере отырып пайдалану.











 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив