БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ » Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3553472
Есепші бөлімі:
+7(726) 3553472
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2022

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ
  

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ

ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯСЫ:

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚА

 



 
 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясы - балалардың құқықта- рын қорғауға өзіне міндеттеме алған елдерде ратификацияланған маңызды келісім.
Бала құқықтары туралы конвенцияда бала- лардың кім екендігі түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері тізіліп көрсетіледі. Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың бар- лығы да бірдей маңызды және де оларды ба- лалардан бөлек қарастыруға болмайды.
 
  • бап: Бала жайлы анықтама
Өз елінің заңына сай 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып табылады, және ол осы Конвен- цияда бекітілген құқықтарға ие.
  • бап: Кемсітушілікті болдырмау
Әрбір бала нәсіліне, терінің түсіне, жынысына, тіліне, дініне, әл-ауқа- ты мен әлеуметтік шығу тегіне қарамастан, осы Конвенцияда көрсетілген барлық құқықтарға ие. Ешкімді кемсітуге болмайды.
  • бап: Баланың мүдделерін қорғау
Шешімдерді қабылдау барысын- да үкімет балалардың мүдде- лерін барынша қамтамасыз етіп, оларға ерекше қорғау мен күтімді көрсетуі тиіс.
  • бап: Құқықтарды іске асыру
Үкіметтер елдегі әрбір баланың Конвенцияда бекітілген құқықтар-
 ды пайдалана алуы үшін барлық жағдайды жасаулары қажет.
  • бап: Жанұяда баланы өсіру мен баланың қабілеттерін дамыту
Үкімет баланың даму ерекшелік- терін ескере отырып, ата-ана- лардың баланы тәрбиелеудегі құқықтарын, міндеттерін және жа- уапкершіліктерін құрметтеуі тиіс.
  • бап: Өмір сүру, аман болу және даму құқығы
 
            
АТЫ-ЖӨНІ МЕН АЗАМАТТЫҒЫ
 
Әрбір баланың өмір сүруге құқығы бар, және үкімет баланың психикалық, эмоциялық, ақыл-ой, әлеуметтік және мәдени деңгейін қолдай отырып, оның аман-есен, сау болып дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
  • бап: Аты-жөні мен азаматтығы
Әрбір бала туылғанда аты-жөні мен азаматтығын алуға құқылы,
 cондай-ақ өз ата-аналарын білу- ге және олардың қамқорлығына сүйенуге құқылы.
  • бап: Даралықты сақтау
Үкімет баланың өз даралығын сақтау құқығын құрметтеуі тиіс, оның ішіне есімі, азаматтығы және отбасылық байланыстары кіреді. Егер бала олардан айы- рылған жағдайда, үкімет оған ба- рынша тез қалпына келуге көмек- тесуі керек.
  • бап: Ата-анасымен айырылысу
Бала ата-анасынан айырылма- уы қажет, оны тек оның мүд- десін қорғау үшін ғана жасауға болады. Мысалы, егер бала тиісті ата-аналық күтім    алма- са немесе ата-анасы балаға қатігездік көрсететін   болса. Егер бала ата-анасының біре- уінен, не екеуінен айырылатын болса, ол олармен үнемі түрде көрісіп тұруға құқылы (тек ба-
 ланың мүддесіне қайшы келетін жағдайлардан басқа). Егер үкіметтің шешімі нәтижесінде бала   ата-анасының  біреуінен, не екеуінен айырылатын болса, онда үкімет балаға оның ата- анасының мекен-жайы  жөнін- де ақпаратты беруге міндетті (тек балаға зиян келтірілетін жағдайлардан басқа).
  1. бап: Жанұяның қайта бірігуі
Егер бала мен оның ата-анасы әртүрлі елдерде тұратын болса, онда олар қарым-қатынаста- рын жалғастыруы үшін елдер арасындағы шекараларды өтіп тұруға мүмкіндіктері болуы қа- жет.
  1. бап: Заңсыз түрде жүру және қайтару
Үкімет балалардың елден заңсыз түрде алып кетілуіне тыйым салуы тиіс.
 
  1. бап: Баланың көзқарасы
Бала өзіне қатысты барлық мәселелер бойынша көзқара- сын еркін білдіруге құқылы. Үлкендер балалардың пікіріне құлақ асулары қажет.
  1. бап: Ой-пікірді еркін білдіру
Бала өз пікірін еркін білдіруге, кез-келген ақпаратты іздеуге, алуға және таратуға құқылы, тек бұл басқа адамдарға зиянын келтірмеуі керек, мемлекеттік қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті бұзбауы қажет.
  1. бап: Ой, ар-ұждан және дін бостандығы
Үкімет баланың ойлауға, ар- ұждан және дініне қатысты бостандығын құрметтеуі тиіс. Ата-аналар немесе қамқоршы- лар балаға осы құқық жайлы түсіндіріп беруі керек.
 
  1. бап: Қауымдастық еркіндігі
Балалар өзі қалаған топтарға қо- сылуға немесе топтар мен ұйымдар- ды құруға құқылы, тек бұл басқа адамдарға зиянын келтірмеуі ке- рек, мемлекеттік қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті бұзбауы қажет.
  1. бап: Жеке өмір құқығын қорғау
Әрбір баланың жеке өмірге құқығы бар. Ешкім оның абы- рой-беделіне нұқсан келтіруге, сондай-ақ рұқсатсыз оның үйіне кіруге және оның хаттарын оқуға құқығы жоқ. Бала өзінің ар-намы- сы мен абыройына заңсыз қол сұғудан қорғау алуға құқылы.
  1. бап: Пайдалы ақпаратқа қол- жетімділік
Әрбір бала ақпарат алуға құқығы бар. Үкімет бұқаралық ақпарат құралдарын балалардың рухани және мәдени дамуына ықпалын
 тигізетін материалдарды тара- туға ынталандырып, балаларға зиян келтіретін ақпаратқа тыйым салуы қажет.
  1. бап: Ата-ананың жауапкер- шілігі
Ата-аналар бала тәрбиесі мен да- муына бірдей жауапты. Үкімет ата-аналарға баланы тәрбиелеу мен дамытуда көмек көрсетіп, сондай-ақ балалар мекемелерінің желісін дамытуды қамтамасыз етуі керек.
  1. бап: Қатыгездік пен немқұрайлықтан қорғау
Үкімет баланы ата-аналар немесе басқа адамдар тарапынан бола- тын зорлық-зомбықтың барлық түрлерінен, немқұрайлылық пен қиянат көрсетушіліктен қорғауы қажет, сондай-ақ ересектерден қатыгездік көрген балаға көмек- тесуге міндетті.
 
  1. бап: Отбасысыз қалған бала- ны қорғау
Егер бала отбасынан айырылған болса, онда ол үкімет тарапынан арнайы қорғау мен көмек алуға құқылы. Үкімет балаға қажетті тәр- бие мен күтімді қамтамасыз ету үшін оның тілін, дінін, мәдениетін құрметтейтін адамдарға баланы тапсыра алады.
  1. бап: Асырап алу
Бала асырап алған жағдайда үкімет оның ең жақсы мүдделерінің сақта- луын, оның заңды құқықтарының бұлжытпай орындалуын қадағала- уы қажет. Бала асырап алу кезінде ел ішінде де, шетелде де бірдей ере- желер, кепілдіктер мен нормалар қолданылуы қажет.
  1. бап: Босқын балалар
Басқа елден келген балаларға үкімет ерекше қорғауды, олардың мектепке барып, білім алуын, та-
 мақтануын, отбасына оралуын қамтамасыз етуі керек.
  1. бап: Мүгедектігі және ерекше қажеттіліктері бар балалар
Ақыл-ой немесе физикалық тұрғы- дан ерекше қажеттіліктері бар әрбір бала қоғамда барынша лайықты өмір сүруге құқығы бар. Үкімет мұн- дай балаларға сабақ оқу, ем алу, ең- бекке дайындалу, демалу, барынша тәуелсіз болуға, яғни толыққанды өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
  1. бап: Денсаулық пен денсау- лық сақтау
Әрбір бала өз денсаулығың сақтау үшін дәрігерлік көмек алуға, таза су ішуге, таза және қауіпсіз орта- да өмір сүруге және толыққанды тамақтануға құқығы бар. Барлық ересек адамдар мен балалар ден- саулықты сақтау жайында толық ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.
 
  1. бап: Қамқорлыққа алынған балаларды мерзімді бағалау
Үкімет қамқорлыққа алынған әр- бір баланың өмір сүру жағдайы мен ахуалы жайлы үнемі тексеріп отыруы қажет.
  1. бап: Әлеуметтік қамсыздандыру
Үкімет жағдайы нашар отбасы- лардағы балаларға ақшалай не- месе басқалай көмектесуі керек.
  1. бап: Өмір сүру деңгейі
Балалар өздерінің толыққанды дамуы үшін тамаққа, киімге және қауіпсіз тұрғын жайға құқығы бар. Үкімет бұл құқықты жүзеге асы- руға мүмкіндіктері жоқ отбасылар мен балаларға көмектесуі тиіс.
  1. бап: Білім алу
Әрбір бала білім алуға, мектепке баруға құқылы. Бастапқы білім алу тегін болуы тиіс. Ал одан кейін- гі берілетін білім әрбір бала үшін
 қолжетімді болуы керек. Мектепте бала құқықтары толық қорғалып, оның адами қадір-қасиеті құрмет- телуі керек. Балалардың мектепке үнемі баруын үкімет қадағалап, бақылайды.
  1. бап: Білім алудың мақсаттары
Білім беретін мекемелер бала- ның жеке тұлғасын, дарынын, ақыл-ой және физикалық қа- білеттерін ашып, оларды дамы- туға көмек көрсетуге міндетті. Сондай-ақ баланы өзінің және басқалардың құқықтарын біліп, құрметтеуге, ата-анасын сыйлау- ды үйретуі тиіс.
  1. бап: Аз ұлттар мен байырғы халықтарға жататын балалар
Басқа елден келген баланың өз тілінде сөйлеуге, өз дінін ұста- нуға, халқының әдет-ғұрыптарын сақтауға құқығы бар.
 
  1. бап: Демалыс, бос уақыт пен мәдени өмір
Әрбір баланың демалуға, ойнауға, сондай-ақ мәдени және шығар- машылық іс-шараларға қатысуға құқығы бар.
  1. бап: Балалар еңбегі
Үкімет баланы қауіпті және зиянды жұмыстан қорғауы қажет. Жұмыс баланың білім алуына, рухани және физикалық дамуына кедер- гісін келтірмеуі керек.
  1. бап: Есірткіні заңсыз қолдану
Үкімет жасөспірімдердің   есірт- кі секілді зиянды заттарды заңсыз қолдануына жол бер- меуі керек, және осыдан қорғау үшін қолдан келгенше баланы барынша қорғау қажет, және балалардың есірткіні өндіруде және таратуда қатысуына жол бермеуі тиіс.
 
  1. бап: Сексуалдық қанаушылық
Үкімет балаларды сексуалдық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғауға міндетті.
  1. бап: Сату, адам саудасы және ұрлау
Үкімет балалардың ұрлауына, контрабанда арқылы сатылуына жол бермеу үшін бар күш-жігерін салуы қажет. Ата-аналар бала- ларға бейтаныс адамдармен сөй- леспеуді ескертуі керек.
  1. бап: Қанаудың (пайдалану- дың) басқа да түрлері
Үкімет балалардың пайдала- нылуына жол бермеуі тиіс, оларға зиян келтіретін кез-келген әрекет- терден қорғауы қажет.
  1. бап: Азаптау және бостан- дығынан айыру
Үкімет әрбір баланы қатыгездіктен, жазықсыз қамалуынан қорғау қа-
 жет. Еркіндік пен бостандығынан айырылған бала жақын адамда- рымен хабардар болып отыруы қажет.
  1. бап: Қарулы қақтығыс
Үкімет 15 жасқа толмаған бала- ларға әскерге баруға, соғысқа қа- тысуға рұқсат етпеуі керек. Соғыс болып жатқан жерлердегі бала- лар ерекше қорғау мен күтім алуы қажет.
  1. бап: Қалпына келтіру күтімі
Егер бала қатыгездіктен, қанау- дан жапа шексе, онда үкімет ол балаға көмек көрсетіп, денсау- лығын қайта жақсартуға қолдау көрсетуі қажет.
  1. бап: Заңды бұзушы балаларға құқықтық көмек
Заңды бұзған балалар қажетті көмекке жүгінуге және оларға әділетті түрде қарауға құқығы
 бар. Оларға қоғамның жақсы азаматы болуға қажетті көмек көрсетілуі тиіс. Түрме тек соңғы шешім болуы қажет.
  1. бап: Ең жоғары нормаларды қолдану
Елдің заңы балалардың құқықта- рын осы Конвенцияға қарағанда жақсырақ қорғайтын болса, онда сол елдің заңы бірінші кезекте қолданылуы қажет.
  1. бап: Ұстану және өз күшіне ену
Үкімет бала құқықтары туралы Конвенция жайлы ақпаратты кеңінен таратуы қажет.
43-54 баптарда
ересек адамдар мен үкіметтер бірлесе отырып балалардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін қандай әрекеттер жасауы қажет жайлы ақпаратты қамтиды.
 Бала құқықтары туралы конвенцияның толық мәтінін БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) сайтынан таба аласыздар: www.unicef.org/kazakhstan
Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыздар:
UNICEF_Kazakhstan @unicef_kaz @unicefkazakhstan
 ҚР Бала құқықтары жөніндегі Уәкілдігінің балаларға арналған сенім телефоны «111»
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив