Қазақ тілі және әдебиеті пәнінен мектепішілік олимпиада
Оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру, пәндік білімдерін тереңдету, дарынды балаларды анықтау мақсатында мектепте 22-29 қараша аралығында мектепішілік пәндік олимпиада басталды. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінен мектепішілік олимпиада 29.11.2022 жылы 8 – 11 сыныптар арасынан 9 оқушы қатысып, ұйымдасқан түрде өтті. Кешіккен, қатыспай қалған оқушы болған жоқ. Мектепішілік олимпиада нәтижесі бойынша 9 сынып оқушысы Әлжан Шахизада ең жоғары балл жинап, жеңімпаз атанды.