Педагогикалық кеңес (кезектен тыс) » Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3553472
Есепші бөлімі:
+7(726) 3553472
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогикалық кеңес (кезектен тыс)
20
қаңтар
2025

Педагогикалық кеңес (кезектен тыс)

Қабылбек Сарымолдаев атындағы  №12 жалпы  орта білім   беретін мектеп
Педагогикалық кеңес (кезектен тыс)
Хаттама №2
Ойтал ауылы                                                                                               20.01.2025ж.
Барлық мұғалім: 33
Қатысқаны: 26
Қатыспағаны: 7
Күн тәртібінде:
  1. Білім алушыларды «Қазақ тілі» пәнінен  5-8,   10-сыныптарда  аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыныммен таныстыру.
Тыңдалды: 
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.К.Еркебаева білім алушыларды «Қазақ тілі» пәнінен  5-8,   10-сыныптарда  аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным туралы таныстырып өтті. 
Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім. 
Қазақ тілі бойынша емтихан 125-бұйрықтың 35-тармағына сәйкес білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жыл аяқталған кезде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі» және оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өткізіледі.

1. Аралық аттестаттау мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес бағалау.

2. Аралық аттестаттаудың міндеті: білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.
Негіздеме:
  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
  2. «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысы;
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын бекіту туралы 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы;
  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 1-қосымшасы. 
3. Емтиханды өткізу талабы.
Емтихан қазақ тілінде өтеді. 
Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады (27-31 мамыр аралығында 9,11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау уақытынан басқа уақытта өткізу ұсынылады). 
Ерекше білім қажет ететін оқушылар үшін педагогтің дайындаған жеке білім бағдарламасы мазмұнына сай  емтихан тапсырмалары құрастырылады.
. Аралық аттестаттау тапсырмасы мазмұнының сипаттамасы
«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білім алушының оқу үлгерімін тексеруге берілген мәтін саны, эссе тақырыптарының саны – 4. 
Сөз саны кесте бойынша көрсетілген.
р/сСыныбыСөз саны (Қазақ тілі)Сөз саны (Қазақ тілі мен әдебиеті)
15100-11080-90
26110-12090-100
37120-130100-110
48130-140110-120
510 (ҚГБ, ЖМБ)140-150120-130
«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен эссе жазуда тапсырмалардың мазмұны ақпаратты түсіну, мәтіннің құрылымы мен негізгі ойын түсіну, мәтіннің стильдік ерекшелігін тану, проблемалық сұрақтар құрастыру, түрлі дереккөздерден ақпарат ала білу, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау, түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық нормаларға құрылған.
7. Эсседегі тапсырмалардың қиындығы: әр сыныптың жас ерекшелігіне сай берілген.
8. Білімді тексеру тапсырмасының формасы: (тыңдалым, айтылым) оқылым, жазылым дағдыларын қолданып эссе жазу
9. Білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақыты: орындау уақыты – 180 минутты құрайды. Жалпы эссені жазу уақыты берілген тапсырмаларды оқуға жұмсалатын уақытты ескере есептелген. 
10. Білімді тексеру тапсырмалары мен жалпы жұмысты бағалау:          Критериалды бағалау жүйесімен байланысы білім алушыларды аралық аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады. Дұрыс орындалған тапсырма үшін білім алушы жиынтық балл (5 балл) жинайды.
1-кесте - Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы
(оқыту қазақ тілінде)
р/сСөйлесім әрекетіБалл қою нормативі, ең жоғары балл5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы
1Оқылым1-тапсырма - 0,5 балл;
2-тапсырма - 0,5 балл
16
2Жазылым- құрылымын сақтауы – 0,5 балл;
- мазмұны - 2 балл;
- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл
318
3Әдеби тіл нормалары1 балл16



530


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив