19
мамыр
2022
Қамқоршылық кеңесі отырысында мектеп директорының 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстарының қорытындысы
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектеп
Қамқоршылық кеңесінің отырысы
Хаттама №5 (көшірме)
19.05. 2022 жыл Ойтал ауылы
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Оспанбаева Жамиля Болатовна
9 қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі, ата-аналар
Хатшы: Шабикова К.Ж.
Күн тәртібінде:
- Білім беру ұйымы басшысының тікелей жұмыс барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары мен міндеттері, «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу және Балалар жылына арналған Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін білім ұйымдарында өтетін «Түлек 2022 Жаңа Қазақстанның ертеңі» бітірушілер іс-шара ұсынымы туралы мектеп директоры И.Алимхожиннің есебі.
- Мектепте 2021-2022 оқу жылын аяқтау, 9-11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдері және жазғы мектепте оқыту жұмысын ұйымдастыру турлы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Меңдиярованың есебі.