20
қазан
2022
«Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық ойын конкурсы
Дарынды мектеп оқушыларын анықтау, математикалық сауаттылығын арттыру және ғылым негіздері бойынша олардың білімдерін тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2022 жылғы 7-10 қазан = (1, 2, 5, 6 сыныптар), 11-14 қазан = (3, 4, 7-11 сыныптар) аралығында «Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық ойын конкурсын өткізді.Конкурсқа Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББ мектебінен 5-10 сынып арасынан 7 оқушылар қатысты. Олардың ішінен 6 сынып оқушысы Асқаналы Арай ІІІ дәрежелі, 5 сынып оқушысы Асылбек Алмазұлы
ІІІ дәрежелі, 8 сынып оқушылары Берік Ақнұр І дәрежелі , Ұлнұр Таңат І дәрежелі, 9 сынып оқушылары Диана Асан ІІ дәрежелі, Дана Ерлан сертификат, 10 сынып оқушысы Іңкәр Сейсенбек ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!