"Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" такырыбында сынып сағаты
Қ.Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектептің 3 сынып оқушылары "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" такырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Білім алушыларды дұрыс тамақтану ережелерімен жете таныстыру, зиянды тағамдарды көп тұтынбауды түсіндіру,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында оқушылар тамақтану пирамидасымен танысып,жетекші сұрақтарға жауап берді.Сондай-ак топтастыру жұмысын орындап,ағзаға пайдалы жемістер мен көкөніс суреттерін салды.