Мектеп формасы бойынша
Мектеп формасы бойынша
Оқушыларды күн сайын күтіп алатын және олардың мектеп формасына сәйкестігін тексеретін мектеп директорларының жауапты орынбасарын, сондай-ақ мектептің кемінде 3 қызметкерін (педагог-психолог, әлеуметтік педагог, тәжірибелі педагог) бекіту.
1 қыркүйек – Білім күнінде салтанатты жиынға барлық бекітілген қызметкерлер қатысуы тиіс.
Мектепте мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзған бала пайда болған жағдайда жиын аяқталғанға дейін шара қолданылмасын.
Ата-анасының аты-жөнін көрсете отырып, осы факт туралы басшылық ұялы телефон арқылы хабардар етілсін, фотосурет немесе бейнетіркеу мұқият жүргізілсін.
Жергілікті жерлерде инциденттер мен жанжалдар туындаған жағдайда білім басқармалары мен Оқу-ағарту министрлігінің жауапты тұлғаларына жедет түсініктеме беру қамтамасыз етілсін.
Жиын аяқталғаннан кейін баланың ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналарды мұқият тыңдап, оларға жағдай бойынша өз пікірлерін білдіру мүмкіндігін беру керек.
Қарсыласудан аулақ болу керек, НҚА, мектеп жарғысына сілтеме жасай отырып, сындарлы диалог жүргізу қажет.
Мектеп формасына қойылатын талаптарды түсіндіру кезінде мектеп директоры, сондай-ақ мектептің басқа қызметкерлері ата-аналармен жанжалдарға жол бермеуі керек, ұстамдылық танытып, арандатушылыққа бой алдырмауы керек.
Ата-аналарды мұқият тыңдап, қарама-қайшылықтардан аулақ болып және сындарлы диалог жүргізе отырып, оларға ойларын айтуға мүмкіндік берулері керек.
Білім беру ұйымдары басшысының сандартты мәтіні
Мектеп директоры:
Біз мектеп формасын кию ережелерін сақтауымыз керек.
Мектеп – бұл балалар тең дәрежеде білім алатын зайырлы ұйым.Біз бәріміз Конституцияны және «Білім туралы» Заңды орындауымыз керек.
Конституция бойынша Қазақстан – ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет;
«Білім туралы» Заңға сәйкес оқушылар міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауы тиіс;
Заңға сәйкес діни киім элементтерін мектеп формасына енгізуге жол берілмейді.
Осы нормаларды орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Мектеп формасына қойылатын талаптар мектептің жалпы ата-аналар жиналысының шешімімен бекітіледі, ол 25 мамырға дейін, яғни алдыңғы оқу жылының соңында бекітіледі.
Мәтіндік және иллюстрациялық сипаттағы ақпарат негізгі кіреберістің жанындағы стендте, ресми бетте және әлеуметтік желілерде орналастырылады.
Мектеп формасы бірлік пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды элементі болып табылады.
Бұл әркім өзін үлкен және тату отбасының бір бөлігі ретінде сезінетіндей барлық балалар үшін тең жағдай жасауға ықпал етеді.