01
қыркүйек
2022
«Білімге ұмтылу еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты салтанатты жиын
2022-2023 оқу жылына арналған 1-11 сынып оқушыларына арнайы «Білімге ұмтылу еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты салтанатты жиын өткізілді.Салтанатты жиынды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтеріліп,Әнұран орындалды. Ашылу салтанатына мектеп директоры И.Ш.Алимхожин құттықтау сөз сөйледі, сонымен қатар Аудандық аурухана бас дәрігердің орынбасары Жанат Төребекқызы жас бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтады.1-сынып оқушылары Білім күніне дайындап келген өлең тақпақтарын айтты. Салтанатты түрде мектеп табалдырығын аттады.
1 қыркүйек -Білім күні «Терең білім,еңбеқорлық және отаншылдық қасиет» бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүйюге ,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне ,жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,махаббат сезімін ояту. ҚР Тәуелсіздігі жолындағы барлық жетістіктерімен таныстыру, оқушылардың бойында Отансүйгіштік сезімін ұялату,патриоттыққа тәрбиелеу.
Нәтижесінде оқушылар Тәуелсіздік ұғымы туралы түсініп, әрбір жылда атқарылып ,жүзеге асқан жетістіктер туралы толық білді.