24
қараша
2023
"АИТВ/ЖИТС - сыз өмірді қалаймыз!" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектептің 8-9 сынып оқушыларымен 24.11.2023ж Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында,"Бәрі АИТВ/,ЖИТС туралы" айлықтың барысында "АИТВ/ЖИТС - сыз өмірді қалаймыз!" тақырыбында 8 сынып жетекшісі Жайғарбекова М.У дәріс оқыды.Дәріс барысында АИТВ/ЖИТС инфекциясы туралы ақпарат берілді.Аурудың жұғу жолдары,алдын алу шаралары түсіндірілді.Мектеп медбикесі Әбдіқадір Н.Ж "АИТВ/ЖИТС инфекциясы туралы жалпы түсінік" тақырыбында ақпаратты слайд түрінде дайындап көрсетті.Жыйын барысында Меркі аудандық орталық ауруханасының СӨСҚО мамандары қатысып оқушылар арасында дөңгелек үстел өткізді.Оқушыларға инфекциялық аурулардың денсаулыққа қауіпті екені түсіндірілді.Ішімдік, электрондық темекі, энергетикалық сусындардың зиянды заттарының адам ағзасына кері әсері туралы толық ақпарат берілді.


