27
сәуір
2023
"Абайлаңдар балалар" тақырыбында дәріс оқылды
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес 27.04.2023ж зиянды заттардан аулақ болу,салауатты өмір салтын қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, Меркі аудандық орталық емханасының Салауатты өмір салты орталығының дәрігері Сағындық А.М 4-5 және 6 сынып оқушылары арасында "Абайлаңдар балалар" тақырыбында дәріс оқыды.Дәріс барысында оқушыларға жолда жүру ережесі,құқық бұзушылық туралы,зиянды заттар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Оқушылар өз ойларын білдіріп,сұрақтарға жауап беріп отырды.Жол ережесін сақтау және зиянды заттардан аулақ болу мақсатында оқушылар арасында жиналыстар ұйымдастырылып мамандармен кездесулер жасалды. 



