26
қараша
2024
Республикалық "Алтын сақа" математикалық олимпиадасы
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББ мектебінің 3-4 сынып білім алушылары ZERDELI ақыл-ой орталығы ұйымдастырған Республикалық "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне өз білімдерін сынады. 4-сынып білім алушысы Таңат Жансейіт І дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды. 3-сынып білім алушылары Сейдуали Анар, Ильяс Асыл қатысып, Сетификат алды.
