22
қаңтар
2025
“Сиқырлы киіз. Әжемнің оюлы текеметі” тақырыбында ашық сабақ өтілді.
Қабылбек Сарымолдаев атындағы № 12 жалпы орта білім беретін мектебінде 13-31 қаңтар аралығында аудандық “Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ” жобасы аясында тек бастауыш сынып мұғалімдері үшін емес, сонымен қатар бастауыш сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін шыңдау, өзара тәжірибе алмасу және бастауыш сынып білім алушыларының білім сапасын арттыру мақсатында 22 қаңтар күні көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мамытбекова Гүлназ 2 сыныпта “Сиқырлы киіз. Әжемнің оюлы текеметі” тақырыбында ашық сабақ өтілді.
Сабақтың мақсаты: білім алушыларға қазақ халқының қолөнерінің бірі- киіз басу және текемет жасаудың дәстүрімен таныстыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда “Шаттық шеңбері” жүзеге асырылды.
Тәттілер арқылы сынып топқа бөлінді. Сабақ барысында киіз басу өнері туралы бейнематериал көрсетілді. “Ойлан-жұптас-бөліс” әдісінде бейнематериалдағы ақпаратты есте сақтай отыра сұрақтарға жауап берді. “Шығармашылық шеберханасы” әдісі бойынша әр топ ою үлгілерін қолдану арқылы текеметтің үлгісін жасады. Тәжрибелік жұмыс барысында білім алушылар дымқыл киіз басу техникасында сәнді моншақ жасады. Сабақтың соңында әр топтың жұмыстарына талдау және кері байланыс арқылы алған білімдері бекітілді.