
Ұлы жеңістің 77 жылдығына орай 8 сынып оқушыларымен "Бейбіт күн жасасын әлемде" тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Отан үшін от кешіп, соғыстың канға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, жеңісті ңтуын желбіреткен ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, тағзым етілді. Іс - шараның мақсаты балаларды адамгершілікке, отан сүйуге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, оларға патриоттық тәрбие беру.