11
наурыз
2019
8 наурыз мерекесіне орай "Ана - өмірдің мәні" атты мерекелік іс - шара
Мектепішілік 8- наурыз халықаралық аналар күніне арналған 5-сынып «Жеткіншек» тобының оқушыларының ұйымдастыруымен «Ана – өмірдің мәні!»атты іс-шараның өтілуі туралы
Хабарлама
6- наурыз күні 5-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ана-өмірдің мәні» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны мектеп директоры ашып барша аналарды, аяулы қыздарды көктемнің алғашқы айымен тұспа-тұс келетін төл мерекемен құттықтады. Сонымен қатар мектебіміздің ұстаздары мен кіші қызметкер аналарды арнайы мақтау қағаздарымен марапаттап, отбасыларына амандық, жұмыстарында шығармашылық табыстар тіледі. Ары қарай Аманбай Елдананың орындауындағы «Ана-Әке» әнімен жалғасты. 8-наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы жүргізушілер баяндама оқыды. 1 және 4-сынып қыздарының «Аққу»биі өте тамаша орындалып, көрермендердің көңілінен шықты. 4- сынып оқушысы Советхан Мерей барша аналарға арнап «Анашым» әнін нақышына келтіре орындап шықты. 5- сынып оқушыларының «Ата мен бала» атты көрінісінің мәні мен мағынасы көпшілікке ой тастады. 11-сынып оқушысы Мадеев Нұрланның орындауындағы «Асыл ана» әні мерекеге келген аналарға арналды. Кешіміздің қорытынды сөзін ДТЖО Абишев сөз сөйлеп қорытындылады.