14
ақпан
2019
Қайырымдылық концерті
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖББМ-де 2018-2019 оқу жылында, қаңтар айында «Қамқорлық» акциясы бойынша «Қайырымдылық – адам жанының нұры» атты қайырымдылық акциясының мерекелік концерттік бағдарламасының
Анықтамасы
Мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
Осыған орай мектебімізде 2019 жылдың 31 қаңтары күні «Қайырымдылық- адам жанының нұры» атты қайырымдылық концерті өткізілді.
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба – деп
Қазыбек бидің халқымның кеңдігі, жомарттығы туралы айтқан осы бір өсиеті бүгінгі күнде де өміршеңдігін жойған емес. Концертке ауылдың үлгі тұтар азаматтарымен қатар ата-апаларымыз,мектеп директоры Алимхожин Ильяс Шынасылұлы, мектеп әкімшілігі және мектеп ұстаздары қатысты. Іс-шарамызды мектеп директоры Алимхожин Ильяс Шынасылұлы құттықтау сөзімен ашып берді. Ардагер ұстаз Ш.Бегімқұлова мейірімділік,ізгілік туралы жақсы сөздерді айта отырып, оқушыларға батасын берді. Мектебіміздің 1-11 сыныбының дарынды оқушылары өнерлерін көрсетіп қонақтарымыздың көңілінен шықты. Атап кетсек, 11 сынып оқушысы Мадеев Нұрлан «Сәби бақыты», 8 сынып оқушысы Сейтқазы Алина «Шашу» биімен, 2 сынып қыздарының «Көңілді күн» ән-биі, 2 сынып оқушысы Әскербай Асылжан « Ана» әні, 4 сынып оқушысы Советхан Мерей «Кеш жарық» әні және көркем сөз оқудан Аманбай Елдана, Абулхайыр Нұрсұлу, Бегеналы Айсара өз өнерін тарту етті, т.б өнерлі оқушыларымыз өнерлерімен қонақтарымыздың жылы лебізіне ие болды. Кеш соңында ауыл азаматтары сөз сөйлеп ізгі ниеттерін білдіріп қаржылай көмек көрсетті.
Акция барысында жомарттық танытып, өзінің азаматтық ұстанымын көрсеткен ауыл азаматтары: Есімбеков Нұрлан, Сұлтанқұлов Дәулетжан, Жұматаев Мұрат, Бегімқұлова Шәкизат, Серікұлы Бақтияр, Сайлау аға, Болат ағағ, Ерлан аға,Әлиев Сәлімбек. Меңдиярова Меруерт қаржылай көмектерін көрсетті.
Ұжым мүшелерінен Ақбозова А, Омашева Г, Төлендиева Н , Карибаев Ш, Иса Д, Бекетаева Н. Жоғарыда аты аталған мұғалімдер ақшалай көмек көрсетті. Мектеп оқушыларына 60 000 теңге көлемінде қаражат жинақтады. Осы жинақталған қаржыға мектебіміздің 12 оқушысына аяқ киім, спорттық киім түріндегі материалдық көмек көрсетілді.