Іс-шаралар » Страница 34 » Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3553472
Есепші бөлімі:
+7(726) 3553472
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жол тәртібін білейік, аман -есен жүрейік!" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
17
қараша
2023
"Жол тәртібін білейік, аман -есен жүрейік!" тақырыбында тәрбие сағаты
1 сынып білім алушыларымен "Жол тәртібін білейік, аман -есен жүрейік!" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру .Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу. Тәрбие сағаты барысында жолда жүру ережесіне байланысты бейнематериалдар көрсетіліп, жұмбақтар жасырылды. 
"Зорлық зомбылыққа жол бермейік,, тақырыбында тренинг жүргізілді
17
қараша
2023
"Зорлық зомбылыққа жол бермейік,, тақырыбында тренинг жүргізілді
Қабылбек Сарымолдаев атындағы #12 жалпы орта білім беретін мектепте "Зорлық зомбылықсыз балалық шақ,, тақырыбындағы айлық барысында мектеп психологының басшылығымен 10-11 ші сынып оқушылары арасында "Зорлық зомбылыққа жол бермейік,, тақырыбында тренинг жүргізілді. Мақсаты: Білім алушылар арасында зорлық- зомбылык, әлімжеттік, буллинг фактілерінің алдын алу. Тренинг соңында білім алушылар өз ойларымен бөлісті.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы "Даналық мектебі "клубының жоспарлы кездесуі ұйымдастырып өткізілді.
16
қараша
2023
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы "Даналық мектебі "клубының
2023жылдың 16 қараша күні Қабылбек Сарымолдаев атындағы #12жалпы орта білім беретін мектебінде бала тәрбиесіндегі отбасының рөлінің нығайту және отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау,мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту мақсатында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы "Даналық мектебі "клубының жоспарлы кездесуі ұйымдастырып өткізілді. Бұл кездесу кешіне "Аталар мектебі",Әжелер мектебі ", "Ағалар мектебі" , "Жеңгелер мектебі "
«Тұлғаның ақпараттық – психологиялық қауіпсіздігі»
15
қараша
2023
«Тұлғаның ақпараттық – психологиялық қауіпсіздігі»
Ағымдағы 2023-2024 оқу жылының қараша айының 15-і күні Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың интернет желісіндегі қауіпсіздігін сақтау және ақпараттық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Тұлғаның ақпараттық-психологиялық қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірмелік кеңес беру жұмысы жүргізілді, тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шараны мектеп психологы Г.Майерва және әлеуметтік педагог К.Шабикова  өткізді.
"Ұланымыз Ұлы Елдің!" атты "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрамына салтанатты қабылдау жиыны өтті
15
қараша
2023
"Ұланымыз Ұлы Елдің!" атты "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер
Меркі аудандық "Үміт" оқушылар сарайында 15.11.2023 жылы Меркі ауданының "Ұланымыз Ұлы Елдің!" атты "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрамына салтанатты қабылдау жиыны өтті."Жас Ұлан" Республикалық қоғамдық бірлестігіне мүшелікке ең үлгілі, ең тәртіпті, озық,ойшыл, білімді ,шығармашыл 74 білім алушы қабылданды. Соның ішінде Қабылбек Сарымолдаев атындағы # 12 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып білім алушысы Таңат Аяла салтанатты іс- шараға қатысып, ұйым қатарына қабылданды.
"Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ " ақпараттық науқаны барысында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
09
қараша
2023
"Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ " ақпараттық
2023 жылдың 9 қараша күні Қабылбек Сарымолдаев атындағы #12 жалпы орта білім беретін мектебінде "Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ " ақпараттық науқаны барысында АПБ ӘПБ бастығы Байтемиров Бейбіт және ЖПҚб ЮПТ полиция майоры Тупеков Еркебұлан жоғарғы сынып оқушыларымен әлім жеттік пен ақша бопсалаудың алдын алу және жалпы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"Мектепке барар қауіпсіз жол!"
07
қараша
2023
"Мектепке барар қауіпсіз жол!"
Қабылбек Сарымолдаев атындағы № 12жалпы орта білім беретін мектебінде қараша айының 7 күні жолда жүру тәртібін сақтау мақсатында "Жол ережесінің қауіпсіздігі " онкүндігі  барысында  "Мектепке барар қауіпсіз жол!" тақырыбында мектеп дәлізі мен сыныптарды безендірді және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
« Бопсалау,ақша жинау және бөтеннің мүлкін ұрлау » бойынша дәріс оқылды
26
қазан
2023
« Бопсалау,ақша жинау және бөтеннің мүлкін ұрлау » бойынша дәріс
2023-2024 оқу жылының қазан  айының 26 күні ДТІЖО Б.Абишев Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ -нің аға инспекторы полиция майоры мектеп инспекторы Е.Тупековтың қатысуымен 5-11 білім алушылары арасында « Бопсалау,ақша жинау және бөтеннің мүлкін ұрлау » бойынша дәріс оқып түбі заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндірме мәліметтер айтып өтті .
"Қазақстан Республикам менің" тақырыбында мерекелік концерттік іс шара
24
қазан
2023
"Қазақстан Республикам менің" тақырыбында мерекелік концерттік іс шара
25 қазан Республика күні мерекесіне орай туған жерге,Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында "Қазақстан Республикам менің" тақырыбында мерекелік концерттік іс шара өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абишев Болат Ильясұлы барша ұстаздар қауымы мен білім алушыларды мерекемен құттықтап,іс шараны ашып берді.  Таңат Ұлнұр мен Аманбай Елдананың орындауында "Атамекен"әні, Мият Рауанның орындауында "Мен Қазақпын", Ильяс Жансеріктің орындауында "Достық" әндері айтылды. Қазақтың
"Ақындар айтысы -2023"
24
қазан
2023
"Ақындар айтысы -2023"
2023жылдың 24 қазан күні Қабылбек Сарымолдаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Төрт тоқсан-төрт өнер "жобасы аясында Қазақтың ұлттық өнерін дамыту мақсатында "Ақындар айтысы -2023" байқауы ұйымдастырып өткізілді. #төрттоқсан_төртөнер #меркібілімбөлімі #жамбылоблысыныңбілімбасқармасы