Педагогикалық кеңес
2026 жылдың 22 мамыр күні Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
1.ІҮ тоқсан қорытындысы мен жылдық қорытынды бойынша білім алушылардың білім сапасының мониторингісі. Жауапты: ДОЖЖО-Еркебаева Р.К.
2.1-4 сынып оқушыларын сыныптан-сыныпқа көшіру және марапаттау.
3.5-8,10-сыныптарды қазақ тілі пәнінен аралық емтиханға жіберу. 9,11-сынып оқушыларын мемлекеттік емтиханға жіберу. Жауапты: ДОЖЖО-Еркебаева Р.К.
4.Үйде оқытылатын баламен өткізілетін сабақтардың сапасы және бағдарламалардың орындалуы.
5.ІІ жарты жылдықта педагогтер арасындағы рейтинг қорытындысы
«Жас ұлан», «Жас қыран», өзін-өзі басқару ұйымдары жұмысының жылдық қорытындысы. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылған жұмыстар. Жылдық есеп.
6.Үйірмелер мен спорт секциясы жұмыстарының қорытындысы. Жазғы сауықтыру лагерь жұмысын ұйымдастыру. «Ата-аналарды педогогикалық қолдау орталығы» жұмысының жүргізу жағдайы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының орындалуының жылдық қорытындысы. Салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбие жұмысының жүргізілуі.
7.«Kundelik.kz» электронды журналдың уақытылы толтырылуынқадағалау, мектеп сайты,ҰБДҚ толтырылуы.
Кеңес отырысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жаңа міндеттер айқындалды.