Көркем өнер бағытындағы пәндер әдістемелік бірлестігінің І- жарты жылдық есебі.
Қабылбек Сарымолдаев атындғы №12 жалпы орта білім беретін мектеп
Көркем өнер бағытындағы пәндер әдістемелік бірлестігінің І- жарты жылдық есебі.
2022-2023 оқу жылы
Көркем өнер бағытындағы пәндер бірлестігінде 7 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде педагог -сарапшы -5, педагог- модератор -1, санаты жоқ – 1 мұғалім. Жаңа оқу жылында бірлестік пән мұғалімдерінің күнтізбелік- тақырыптық және үйірме жоспарлары жасалып, бекітілді. Бірлестікте «Волейбол», «Баскетбол» , «Еркін күрес», «Шебер қыздар», «Шебер қолдар» үйірмелері жүргізіледі.
25-Қазан Республика күніне орай көркем еңбек пәнінің мұғалімі Г.Мамытбекова 4,5-6 сыныптар арасында «Отаным- бақыт мекенім!» атты сурет байқауын өткізді. Байқау жеңімпаздары арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.еспублика күніне орай көркем еңбек
31.10-06.11. 2022ж. «Әрбір бала – дана бала!» күзгі каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану , ұсыныстарын іске асыру мақсатында үйірме жетекшілері жоспарға сай іс –шара өткізді.
04.11.2022 ж. күні «Еркін күрес» үйірмесінің жетекшісі Олжабаев Ж. білім алушылар арасында еркін күрестен кіші турнир өткізді.
Осы аталған іс –шара бойынша 02.11.2022ж. «Шебер қыздар» үйірмесінің жетекшісі Г. Мамытбекова, «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Б. Нусупов оқушылар арасында ұлттық бұйымдарды дәріптеу мақсатында үйірме жұмыстарын жүргізді.
03.11.2022ж. «Волейбол» үйірмесінің жетекшісі С.Сназаров 8-9 сынып оқушылар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды.
04.11.2022 ж. «Баскетбол» үйірмесінің жетекшісі Әлжанов М. 7-8, 9-10 сыныптар арасында футболдан жасрыс өткізді.
Жетістіктер:
1 | Батырхан Арайлым Меркі ауданы білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында өткізілген аудандық «Күз шеберханасы» байқауында 7-11 жас аралығы бойынша «Фитодизайн» номинациясы бойынша І- орын жеңімпазы | 5 |
| Мамытбекова Г.Көркем еңбек пәнінің мұғалімі |
2 | Скандар Бибісара Меркі ауданы білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында өткізілген аудандық «Тәуелсіз Қазақстан балалардың көзімен» атты суреттер байқауында ІІІ- орын жеңімпазы | 9 | Мамытбекова Г.Көркем еңбек пәнінің мұғалімі | |
3 | №12 ЖОББМ ұлдар командасы «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы аясында Меркі ауданы 5-6 сынып оқушылары арасында «Волейбол» жарысында ІІІ- орын жеңімпаздары | 5-6 | Сназаров С. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. | |
4 | Сәрсеналы Нұрсұлтан КСРО спорт шебері Өтеев К.Ә. еске алуға арналған еркін лған еркін күрестен 2010-2011 жылғы жасөспірімдер арасындағы ІІ-Республикалық турнирде 46 кг. салмақта ІІ- орын жеңімпазы | 7 | Олжабаев Ж. «Еркін күрес» үйірмесінің жетекшісі. | |
5 | Серік Самидин Спорт ардагері, Кеңестер одағының еңбек сіңірген жаттықтырушысы спорт шебері, профессор Өтешов Ұ.Ж. еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында республикалық жарыста 44кг салмақта ІІІ- орын жеңімпазы | 8 | Олжабаев Ж. «Еркін күрес» үйірмесінінң жетекшісі. | |
6 | Жексеналы Сырым Балалар жылына орай Садыбайұлы Ділдетайды еске алуға арналған еркін күрестен Меркі аудандық ашық біріншілікте 41кг салмақта ІІІ- орын жеңімпазы | 8 | Олжабаев Ж. «Еркін күрес» үйірмесінінң жетекшісі. | |
7 | Жексеналы Сырым «ҚР- ның Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай және еркін күрестің негізін салушы Р.Қ.Көшербаевты еске алуға арналған облыстық ашық турнирде 41 кг салмақта ІІІ- орын жеңмпазы | 8 | Олжабаев Ж. «Еркін күрес» үйірмесінінң жетекшісі. | |
8 | Серікхан Ерзат Аудандық білім беру ұйымдарының білім алушыларының «Жас әуеқұрастырушы» жарысына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды | 8 | Нусупов Б көркем еңбек пәнінің мұғалімі | |
9 | Асқаналы Алихан Аудандық білім беру ұйымдарының білім алушыларының «Жас әуеқұрастырушы» жарысына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды | 8 | Нусупов Б көркем еңбек пәнінің мұғалімі | |
10 | Арманұлы Бекжан Аудандық білім беру ұйымдарының білім алушыларының «Жас әуеқұрастырушы» жарысына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды | 5 | Нусупов Б көркем еңбек пәнінің мұғалімі |