20
қараша
2023
физика пәні мұғалімі Мәмбеталиева А. 7- сынып білім алушыларымен «Тығыздық, тығыздықтың өлшем бірліктері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
20.11.2023ж күні физика пәні мұғалімі Мәмбеталиева А. 7- сынып білім алушыларымен «Тығыздық, тығыздықтың өлшем бірліктері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ басында мұғалім оқушыларға жағымды психологиялық ахуал туғызып, "Таңба" арқылы екі топқа бөліп алды және үй тапсырмасын wordwall платформасы арқылы тексерді. Жаңа сабақ бойынша оқушыларға видео көрсетіп, ой талқыға салды. Сонымен қатар сабақ барысында қызығушылықты ояту үшін тәжірибелік тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар орындатты. Сабақта топтық, жеке тапсырмалар орындалды, әр тапсырмаға дескриптор беріліп балдық жүйемен бағаланды. Сабақ соңында үй тапсырмасы беріліп, сабаққа кері байланыс жүргізілді.
