28
қараша
2023
химия пәнінің мұғалімі Даулетбаева Дина 9 сынып білім алушыларымен "Металдардың жалпы сипаттамасы" тақырыбында ашық сабақ өтті
28.11.2023 жылы Қабылбек Сарымолдаев атындағы # 12 ЖОББМ химия пәнінің мұғалімі Даулетбаева Дина 9 сынып білім алушыларымен "Металдардың жалпы сипаттамасы" тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақ басында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда "Өрмекшінің торы"әдісін пайдаланып оқушылар бір-біріне жіпті лақтыра отырып жақсы тілектер айтты. Оқушыларды топқа бөле отырып "Сұрақ жауап"әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын талқылады."Бес қадам" ,"Кім жылдам","Жалғасын тап"әдістерін қолдана отырып жеке,жұптық,топтық тапсырмаларды орындатты.Сабақ соңында үй тапсырмасы беріліп,оқушылар бағалау парағы арқылы бағаланды."Білім ағашы" әдісін қолданып оқушылармен кері байланыс орнатты.
