Қақорлық акциясының қорытындысы » Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3553472
Есепші бөлімі:
+7(726) 3553472
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
ақпан
2019

Қақорлық акциясының қорытындысы

2018-2019 оқу жылында Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖББМ-да «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы

2018-2019 оқу жылында Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖББМ-да «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясының қорытындысы туралы
Хабарлама

Акцияның негізгі мақсаты: мектеп жасындағы балалардың оқуын тоқтатуға немесе олардың ұзақ уақыт сабаққа бармауына жағдай туғызатын себептерді айқындау,дәлелсіз себептер бойынша сабаққа келмеуді алдын алу сондай ақ, материалдық жағдайы төмен отбасыларда тұрып жатқан балаларды өмір сапасын жақсарту,жұртшылықты аз қамтылған және тұрмысы қолайсыз отбасыларға материалдық көмек көрсетуге қайырымдылық қызметпен айналысуға тарту.
Акцияның басым міндеттері мектеп жасындағы балалардың оқуды тоқтатуға немесе олардың ұзақ уақыт сабаққа бармауына жағдай туғызған себептерді айқындау,дәлелсіз себептер бойынша сабаққа келмеудің алдын алу,сондай -ақ материалдық жағдайы төмен отбасыларда тұрып жатқан балалардың өмір сапасын жақсарту,жұртшылықты аз қамтылған және тұрмысы қолайсыз отбасыларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметпен айналысуға тарту.
Акция шеңберінде жергілікті атқарушы органдар:
1)Қадағалаусыз және баспанасыз қалған балаларды анықтау мақсатнда рейдтер;
2)Дәлелсіз себептермен мектепке бармай жүрген мектеп жасындағы балаларды айқындау үшін мектептерге бекітілген шағын мөлтек аудандағы үйлерді аралауды;
3)Әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттағы балаларға, оны ішінде жалпыға міндетті оқумен қамту қорынан материалдық көмек көрсету бойынша шаралар;
4)Аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін мемлекеттік органдардың,бизнес құрылымдардың өкілдерін, меценаттар мен демеушілерді бекіту шараларын өткізу.
- Сынып жетекшілер оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын қадағалап отырды,мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып,сабақтан жиі қалатын оқушылардың ата-аналарына түсінік жұмысын жүргізді,олардың сабақтан қалу себебін анықтап,қатаң бақылауға алынды.
- Орталық базар, жанармай бекеті,компьютерлік клуб айналасына рейд жұмыстары жүргізілді.Себепсіз сабақтан қалған оқушы анықталған жоқ.
- Үйде оқытылатын және ауытқушылығы бар балаларға дәріс беретін мұғалімдердің жұмысы қадағаланып отырды.
- Сназаров С, Даулеткулов С, Альжанов М, Абишев Б мектеп испекторы Тупеков Е мен бірлесе рейд жұмысының жүргізуінің нәтижесінде, кешкі уақытта(18 00 ден 0 00- ге дейін )ата- анасының қарауынсыз қалған немесе көңіл көтеру орындарына барған жасөспірім анықталған жоқ.
- Бөлінген мөлтек ауданның аралығындағы жасөспірім балалары бар тұрғындармен белгіленген мөлтек ауданға жауапты М.Б.Меңдиярова түсінік жұмыстарын жүргізді.
Мектебімізде «Қамқорлық» акциясының жоспары құрылып,жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жайсыз отбасының үйлерін аралап,әлеуметтік тұрмыстық жағдайы тексеріліп, рейдтік акт толтырылды. Ұстаздар мектеп оқушыларына білім беріп қана қоймай сонымен қатар әділдікке, адамгершілікке, патриотизмге, сыйластыққа үйретеді. Мектептің мақсатының бірі – оқушыларды дұрыс тәрбиелеу, адамгершілікте етіп шығару. Сондықтан біз оқушылардың мектептен тыс та тәрбие алуына көңіл бөлеміз. Сол тәрбие әдістерінің бірі – қайырымдылық . Міне біздің мектеп қайырымдылық жәрмеңкесіне ұйымдасқан түрде қатысты. 1 – 11 cынып оқушыларына арнайы кесте жасалып, сол кестеге сәйкес әр сынып әртүрлі тәттілер, бәліштер пісіріп атсалысты. Бұл жәрмеңкені барлық оқушылар, мұғалімдер асыға күтті. Себебі бұл жылына бір келетін қайырымдылық. Қайырымдылық жәрмеңкесі оқушылар үшін бизнес тәжірибе болды, біреулері сатып үйренсе, ал кейбіреулері сатып алып үйренді.Оқушылар, мұғалімдер барлық заттарды сатып алды. Бұл іс-шара ата- аналар мен мектепті тығыз байланыстырып, ешкім шет қалған жоқ. Біз осы жәрмеңкеге қатысушыларға өз алғысымызды білдіреміз. Жәрмеңкені мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер дұрыс ұйымдастырған. Біздің мектеп осы қайырымдылық жәрмеңкесіне белсенді түрде қатысты.
Қайырымдылық жәрмеңкесінен 20 мың теңге көлемінде қаражат жиналды. Ал 2019 жылдың 31 қаңтары күні «Қайырымдылық- адам жанының нұры» атты қайырымдылық концерті өткізілді.
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба – деп
Қазыбек бидің халқымның кеңдігі, жомарттығы туралы айтқан осы бір өсиеті бүгінгі күнде де өміршеңдігін жойған емес. Концертке ауылдың үлгі тұтар азаматтарымен қатар ата-апаларымыз,мектеп директоры Алимхожин Ильяс Шынасылұлы, мектеп әкімшілігі және мектеп ұстаздары қатысты. Іс-шарамызды мектеп директоры Алимхожин Ильяс Шынасылұлы құттықтау сөзімен ашып берді. Ардагер ұстаз Ш.Бегімқұлова мейірімділік,ізгілік туралы жақсы сөздерді айта отырып, оқушыларға батасын берді. Мектебіміздің 1-11 сыныбының дарынды оқушылары өнерлерін көрсетіп қонақтарымыздың көңілінен шықты. Атап кетсек, 11 сынып оқушысы Мадеев Нұрлан «Сәби бақыты», 8 сынып оқушысы Сейтқазы Алина «Шашу» биімен, 2 сынып қыздарының «Көңілді күн» ән-биі, 2 сынып оқушысы Әскербай Асылжан « Ана» әні, 4 сынып оқушысы Советхан Мерей «Кеш жарық» әні және көркем сөз оқудан Аманбай Елдана, Абулхайыр Нұрсұлу, Бегеналы Айсара өз өнерін тарту етті, т.б өнерлі оқушыларымыз өнерлерімен қонақтарымыздың жылы лебізіне ие болды. Кеш соңында ауыл азаматтары сөз сөйлеп ізгі ниеттерін білдіріп қаржылай көмек көрсетті. Акция барысында жомарттық танытып, өзінің азаматтық ұстанымын көрсеткен ауыл азаматтары: Есімбеков Нұрлан, Сұлтанқұлов Дәулетжан, Жұматаев Мұрат, Бегімқұлова Шәкизат, Серікұлы Бақтияр, Сайлау аға, Болат ағағ, Ерлан аға,Әлиев Сәлімбек, Меңдиярова Меруерт қаржылай көмектерін көрсетті.
Ұжым мүшелерінен Ақбозова А, Омашева Г, Төлендиева Н , Карибаев Ш, Иса Д, Бекетаева Н. Жоғарыда аты аталған мұғалімдер ақшалай көмек көрсетті. Мектеп оқушыларына 60 000 теңге көлемінде қаражат жинақтады. Осы жинақталған қаржыға мектебіміздің аз қамтылған, жартылай жетім көп балалы,жетім отбасындағы көмекті қажет ететін 12 оқушыға аяқ киім, спорттық киім түріндегі материалдық көмек көрсетілді.
Олар: үйде оқытылатын 2 оқушы, 7 сынып оқушысы Бейсен Мархабатқа - аяқ киім (4000 теңге), 9 сынып оқушысы Рахымбай Нұрдәулетке – спорттық киім (11000 теңге), көп балалы отбасындағы 1 сынып оқушылары Шахмарал Айгүлге – аяқ киім (4000 теңге), 2 сынып оқушысы Наурызбек Біржанға – аяқ киім (4000 теңге), 4 «а» сынып оқушылары Шахмарал Есетке – аяқ киім (4000 теңге), 4 «ә» сынып оқушысы Наурызбек Сұлтанға – аяқ киім етік (6000 теңге), 2 сынып оқушысы Мырзахан Ұлзадаға аяқ киім (4000 теңге), 3 сынып оқушысы Сайлау Айаруға аяқ киім (4000 теңге), 5 сынып оқушысы Советалы Айдинаға аяқ киім (4000 теңге) жартылай жетім отбасындағы 1 сынып оқушысы Сегізбай Іңкәрға – спорттық киім (7000 теңге), 2 сынып оқушысы Абулхайыр Мұратқа – ақ жейде (3000 теңге), 8 сынып оқушысы Сегізбай Данышпанға – сарафан (5000 теңге) алып берілді. Адам баласы шамасы келсе,ізгілік істер мен қайырымдылық жасау керек. Адамның өз қолынан жасалған қайырымдылық,ізгі істің бәрі де оның ақыл ойы мен жүрек жылуының көрініс көрсетеді. Қоршаған ортада бірге жүрген жандардың бөлісіп, қиындығына ортақтасу тек қана қайрымды жандардың қолынан келеді. Жақсылық жасай білетін адамның жан дүниесі таза болады.Біздің мектебімізде де жан дүниесі таза, қайырымды жандар көптеп кездеседі. Қонаққа тұрақты демеушілер мен қоса ерікті ата- аналарда өз үлестерін қосып отырады.
Айлық барысында атқарылған іс шаралар қорытындысы директор жанындағы кеңесте қаралды, хаттамаға енгізілді.
Мектебімізде қайырымдылыққа мұқтаж жандарға, тұрмысы төмен отбасыларына көмек беру жұмыстары әрі қарай да өз жалғасын таба бермек.













Похожие публикации:

30 қараша 2018 Хаттама
30 қараша 2018 Хаттама
30 қараша 2018 Хаттама
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив