23
ақпан
2024
«Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу»
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 23-ші ақпанында «Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Мақсаты: Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу. Жиналыс барысында 7-10 сынып жасөспірім қыздарға ДОІЖО Еркебаева Р. және мектеп психологы Майерова Г. ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында кеңес берді. Мектеп медбикесі Әбдіқадір Н.Ж. қыздарға «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында бейне-ролик көрсетті. Бейне-ролик соңында қыздармен ерте жүктілік бойынша ақпарат талқыланды. Ерте жүктіліктің зияны,қауіп-қатері, асқынулары, алдын алу шаралары туралы ақпарат түсіндірілді.
