01
қыркүйек
2021
«Кел,Балалар оқылық»атты салтанатты жиын


2021-2022 оқу жылына арналған 1 сынып оқушыларына арнайы «Кел,Балалар оқылық»атты салтанатты жиын өткізілді. Ашылу салтанатына мектеп директоры И.Ш.Алимхожин құттықтау сөз сөйледі, сонымен қатар Аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығы директоры Дүйсебаев Ербол жас бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтады.1-сынып оқушылары Білім күніне дайындап келген өлең тақпақтарын айтты. Салтанатты түрде «Әліппе» кітабы табысталды.
«1 қыркүйек -Білім күні» , ҚР-ның Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты «Тәуелсіздік жетістіктері », ұлы ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай , «Кел, балалар оқылық!» атты бірыңғай тәрбие сағаттарын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты: ҚР Тәуелсіздігі жолындағы барлық жетістіктерімен таныстыру, оқушылардың бойында Отансүйгіштік сезімін ұялату,патриоттыққа тәрбиелеу.
Нәтижесінде оқушылар Тәуелсіздік ұғымы туралы түсініп, әрбір жылда атқарылып ,жүзеге асқан жетістіктер туралы толық білді.