14
ақпан
2019
Тәтті тағамдар жәрмеңкесі
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы білім беретін мектептің 2018 - 2019 оқу жылындағы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізілген дәстүрлі «Қамқорлық» қайырымдылық акциясындағы «Тәтті тағамдар» жәрмеңкесінің анықтамасы.
Ұстаздар мектеп оқушыларына білім беріп қана қоймай сонымен қатар әділдікке, адамгершілікке, патриотизмге, сыйластыққа үйретеді. Мектептің мақсатының бірі – оқушыларды дұрыс тәрбиелеу, адамгершілікте етіп шығару. Сондықтан біз оқушылардың мектептен тыс та тәрбие алуына көңіл бөлеміз. Сол тәрбие әдістерінің бірі – қайырымдылық . Міне біздің мектеп қайырымдылық жәрмеңкесіне ұйымдасқан түрде қатысты. 1 – 11 cынып оқушыларына арнайы кесте жасалып, сол кестеге сәйкес әр сынып әртүрлі тәттілер, бәліштер пісіріп атсалысты. Бұл жәрмеңкені барлық оқушылар, мұғалімдер асыға күтті. Себебі бұл жылына бір келетін қайырымдылық. Қайырымдылық жәрмеңкесі оқушылар үшін бизнес тәжірибе болды, біреулері сатып үйренсе, ал кейбіреулері сатып алып үйренді.Оқушылар, мұғалімдер барлық заттарды сатып алды. Бұл іс-шара ата- аналар мен мектепті тығыз байланыстырып, ешкім шет қалған жоқ. Біз осы жәрмеңкеге қатысушыларға өз алғысымызды білдіреміз. Жәрмеңкені мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер дұрыс ұйымдастырған. Біздің мектеп осы қайырымдылық жәрмеңкесіне белсенді түрде қатысты.