"Түлек-2022 Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны
« Түлек-2022 Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты соңғы қоңырау
салтанатты жиынның сценарииі өтілуі туралы
Хабарлама
25 мамыр 2022 жыл сағат 9 00 де мектеп алаңында соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен және 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау салтанаты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілсін. Ту көтеру құрметі 10 сынып оқушысы Рысқұл Нұралыға тапсырылады.
Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді ағалық қамқорлығым деп түсінген, қимас сәтте өздеріңе арналған алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Алимхожин Ильяс Шынасылұлына беріледі. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Меңдиярова оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен таныстырып, үздік оқушыларды мақтау қағаздарымен марапатталды.
1 сынып оқушылары Таңат Мерейлім мен Таңат Мейірімнің орындауында « Ұстазым » әні көпшіліктің көңілінен шықты.
1 сынып оқушыларының алғашқы «Мектеп вальсі» өте керемет
11 сынып оқушыларының соңғы «Мектеп вальсімен» жалғасты.
4-сынып оқушысы Бегеналы Аягөздің орындауында «Бастауыш мектеппен қоштасу» әні өте әсерлі орындалып,көпшіліктің қошеметіне бөленді.
«Білім кілтін» тапсыру үшін ортаға 11 сыныптың озат оқушылары Ұзақбай
Самат пен Бегеналы Айсара 10 сынып оқушылары көркемсөз оқу
байқауының аудандық, облыстық, байқауларының жеңімпазы Таңат Нұрзада
мен мектеп «Ұланбасшысы» Алмазұлы Арнасқа табысталынды.
Ортаға құттықтау сөз кезегімен мектеп бітіргеніне 40 жыл толған түлектерді
шақырылды. 1982 жылғы түлектер.
Соңғы қоңырау соғу рәсімі 1 сыныптың үздік оқушысы Мейрамбай Кәусар
Қуанышқызы және 11 сынып оқушысы таэквандодан облыс,республика
чемпионы Жақсылықбай Нұрсұлтан Мейрамбекұлына беріледі.
« Түлек-2022 Жаңа Қазақстан ертеңі » атты соңғы қоңырау
салтанатты жиынын» жабық деп жарияланды.